Мысырда акуланың ер адамға шабуылдаған сәті видеоға түсірілген

Мысырдың Хургада қаласында ресейлік жігіт қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға бейсенбіде Dream Beach жағажайында болған. 1999 жылғы жігіт қайтыс болды. Туристік агенттік өкілдерінің мәліметінше, ол турист емес, релокант яғни сол елге көшіп барған адам екен. Тағы бір мәлімет бойынша оқиға жігіттің әкесінің көз алдында болған.

Реклама
Реклама

Осы жағдайдан кейін Қызыл теңіз маңындағы елді мекендердің әкімшілігі Хургададағы барлық жағажайды жапқан. Бұл қонақүйге тиесілі жағажай аумағы емес, қоғамдық жағажай екені де айтылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!