"Мысыр сұлтандарының бірі қазақ болған". Мысырлық Қазақстанға сапары туралы айтып берді

видеодан үзінді

Өзінің ерекше сәулетімен және сұлулығымен ерекшеленетін Астана шетелдік қонақтарды таңғалдырудан жалықпайды. Каирлік саяхатшы, 31 жастағы фотограф Ахмед Магди Қазақстан астанасы несімен баурап алғанын, елге келгенде қандай қиындықтарға тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзінің ерекше сәулетімен және сұлулығымен ерекшеленетін Астана шетелдік қонақтарды таңғалдырудан жалықпайды. Каирлік саяхатшы, 31 жастағы фотограф Ахмед Магди Қазақстан астанасы несімен баурап алғанын, елге келгенде қандай қиындықтарға тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ахмед ең әуелі қазақ мәдениетінің алуантүрлілігіне тәнті болған. Сонымен қоса оған жергілікті тұрғындардың отбасымен ерекше қарым-қатынасы ұнаған.

"Қазақ мәдениеті өте бай. Қазақтардың отбасыларымен тығыз байланысын байқадым. Мереке күндері туыстарымен бірге уақыт өткізіп, ұлттық тағамдарын дайындауды ұнатады екен", - деп атап өтті ол.

Реклама
Реклама
@ahmedmmagdyy Nauryz kutty bolsyn Kazakhstan #fyp #foryou #foryourpage #foryoupage #fypシ #fypシ゚viral #kazakhstan #astana #рек #казахстан #астана ♬ original sound - Ahmed Magdi

Саяхатшы Қазақстанға келгенде қазақ және орыс тілдерін жетік білмеген, дегенмен жергілікті тұрғындардың достық қарым-қатынасына таңғалған. Олар Ахмедке қалада орнығуға көмектесіп қана қоймай, қазақша-орысша сөйлеуді үйреткен екен.

"Мұнда алғаш келгенде қазақ тілін де, орыс тілін де білмедім. Дегенмен жергілікті тұрғындар қаладағы көрнекі жерлерді көрсетіп, түрлі лайфхактарымен бөлісті. Тіпті қазақ және орыс тілдеріндегі негізгі сөздерді үйрендім. Соның арқасында мұндағы өмірім айтарлықтай жеңілдеді. Қазір сәлеметсіз бе, қалайсың, жақсы, неге деген сөздерді, сандарды білемін. Негізі арабшаға ұқсас қазақша сөздер көп. Мәселен кітап, медресе, қияр сөздері. Шын мәнінде екі ел мәдениетінің арасында көп айырмашылық жоқ. Мәдениеті ұқсас Мысыр елінен келгендіктен, үйімнен жырақта жүргенім онша сезілмеді", - деді ол.

Дронмен түсіретін фотограф ретінде Ахмед Астананың сәулеті мен ландшафтына ерекше таңданысын жасырмады. Айтуынша, қаланы биіктіктен қарағанда тіптен әдемі көрініс ашылады.

"Мен дронмен көп түсіремін. Қалаға биіктіктен қараған кезде Астананың сәулеті мен ландшафтының қаншалықты әдемі екеніне таңғаламын. Шынымен де көзтартарлық көрініс. Сондай-ақ Алматының табиғаты мен таулары ұнайды. Жердегі жұмақ сияқты", - деді мысырлық.

@ahmedmmagdyy +34C difference in one day , why Astana? #foryou #foryoupage #foryourpage #fypシ #kazakhstan #astana ♬ original sound - 𝑛𝑒̀𝑙𝑙𝑎ଓ

Ахмед үшін ең қиыны дүниелердің бірі - Астананың қатал климаты болды. Алайда ол кей кездері -40 градусқа дейін суып кететін күн райына біртіндеп бейімделгенін айтты.

"Ең үлкен проблемаларым - тілді үйрену және Астананың аязына төтеп беру болды. Қазір қазақ және орыс тілдерінде бірнеше сөз үйрендім. Ал суыққа бейімделуге тырыссам да, арасында Астанада -40 градусқа дейін аяз қысқанда қиналып кетемін", - деді шетелдік.

@ahmedmmagdyy Cute winter walks they said.. #foryou #astana #kazakhstan #fyp #foryourpage #foryoupage ♬ original sound - 𝑛𝑒̀𝑙𝑙𝑎ଓ

Фотограф Қазақстанға келгендердің барлығы көруге тиіс көрнекі жерлерді тізіп берді.

Қазақстанға келгендердің барлығы баруға тиіс жерлердің тізімі бар. Яғни әр турист Алматы тауларында шаңғы, коньки және сноуборд теуіп көруге тиіс. Сонымен қатар Алматыда атпен серуендеудеп, жазда тауға жаяу шығып, табиғат аясында түнеп, кемпинг ұйымдастыруға болады. Бұдан бөлек қазақ асханасынан, әсіресе жылқы еті мен бесбармақтың дәмін татуды ұмытпау керек", - деп атап өтті Ахмед.

Турист туған елінде ұзақ уақыт бойы билік еткен Сұлтан Бейбарыстың Қазақстаннан шыққанын естіп таңғалған.

"Мысырлық ретінде мен үшін Мысыр сұлтандарының бірі қазақ екенін білу таңғаларлық дерек болды. Көптеген жерлесім Сұлтан Бейбарыстың осы жерден шыққанын білмейді. Ол Мысырды ұзақ уақыт басқарды. Каирдің орталығында Сұлтан Бейбарыс атындағы мешіт бар", - деп түйіндеді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная