"Мұзды жанартау". Кегенде әдемі суретке түсу үшін жаңа орын табылды

Қапшағайдың мөлдір мұздары, қатып қалған Бутаковка шатқалы - қазақстандықтар осы қыста суретке түсу үшін әдемі локацияларды тауып жатыр. Енді осы тізімге тағы бір таңғажайып жер қосылды, оны жергілікті тұрғындары айсберг деп атап үлгерді. Kaz.tengritravel.kz осы аймаққа келушілердің алған әсерімен және жарасымды суреттерімен бөліседі. 

Әдемі "айсберг" Кеген ауданындағы Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында орналасқан. Жергілікті тұрғындар мен басқа өңірден келген туристер табиғат сұлулығын тамашалау үшін осында жиі келетін болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? (@jiger_auypbaev_official)

"Бұл негізі жердің астынан атқылап шығатын артезиан суы. Жазда айналасы жайқалып тұрады. Ал қыс мезгілі келісімен жаңа жылдың қарсаңына қарай бойын 14 метрге дейін көтеріп,мұз болып қатып суретке түсуге дайын болады. Кейде достарымызбен жаңа жылды осы Айсбергке келіп қарсы алатынбыз. Бұл менің Кегенімнің көркем жерлерінің бір бөлшегі. Қонақ болып келіңіздер", - деп жазды қазақстандық әнші Жігер Ауыпбаев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ainur (@ainur_mukhadi)

Бұл жердің ерекшелігі - судың буланған күйі биікке көтеріледі, осының арқасында "айсберг" түтін шыққан мұзды жанартауға ұқсайды. Бұл көрініс таңғалдырмай қоймайды, себебі жанартаудан отты лава атқылағанын көріп үйренген бізге, суық мұзды көру мүлде жаңа дүние. 

Tengritravel.kz тілшісімен тілдескен Алматы тұрғыны Самал Жайнақтың айтуынша, осы бір таңғажайып "айсберг" биыл қыста ғана осындай әдемі қалыпқа түскен екен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әуедегі қыз (@himmelvind)

"Былтыр мұндай болмады, тек "айсберг" іші бос конус болатын", - дейді қыз бала. 

Самалдың айтуынша, қазіргі уақытта бұл жер жергілікті тұрғындардың сүйікті мекеніне айналған. "Мұзды жанартаудың" айналасы өте жылы, суы мөлдір таза. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от juldez (@juldez55)

Шынында да, Алматы тұрғындары төртсағаттық жолға қарамастан, энергия мен жаңа эмоциялар алу үшін "айсбергке" жиі келеді. Желі қолданушылар суреттерді көріп, таңданыстарын жасырмады: "Құдайдың ғажайып нектары", "Қандай әдемі!", "Құдай-ай, қандай әдемі жер!", "Керемет!". Алайда, пікірлердің арасында сөздер аз, тек эмоциялар мен смайликтер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ako Wild Rider (@akowildrider)

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.