"Мұнда алып адам шахмат ойнағандай". Ақтолағай үстірті жайлы аңыздар мен құпиялар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Василий Михайлин/@vasca_photo Фото Василий Михайлин/@vasca_photo

Ғарышқа ұшпай-ақ, басқа планетада болу мүмкін бе? Сіз Қазақстанда тұрсаңыз, бұл әбден мүмкін. Ақтөбе облысындағы Ақтолағай мен Ақкөгершін үстіртіне барсаңыз болғаны. Мұндағы тастар шахмат фигураларын еске түсіреді, ал аяқ астыңызға қабыршақтар мен ежелгі теңіз мекендеушілерінің қалдықтарынан кілем төселгендей күй кешесіз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге сізге Қазақстанның батысындағы ең әдемі бор жыныстары туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Ғарышқа ұшпай-ақ, басқа планетада болу мүмкін бе? Сіз Қазақстанда тұрсаңыз, бұл әбден мүмкін. Ақтөбе облысындағы Ақтолағай мен Ақкөгершін үстіртіне барсаңыз болғаны. Мұндағы тастар шахмат фигураларын еске түсіреді, ал аяқ астыңызға қабыршақтар мен ежелгі теңіз мекендеушілерінің қалдықтарынан кілем төселгендей күй кешесіз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге сізге Қазақстанның батысындағы ең әдемі бор жыныстары туралы баяндайды.

Таулардың таңғажайып пішінді болып келуі Ақтолағай үстіртінің ерекше белгісі болып табылады. Кең далада оларды байқау қиын емес. Бұл шыңдар үстірттің оңтүстік жағында орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от БЛОГЕР (@askarzhanapov)

Патшайым мен Ладья таулары - Ақтолағайдың көрікті жерлерінің бірі. Атауларын шахмат фигураларына сыртқы ұқсастығы үшін алған.

Біз бұл жерді "шахмат тақтасы" деп атаймыз. Басында Патшайымның басында қабыршақ тәрізді төртбұрышты тас болған, бірақ жаңбыр мен желдің әсерінен құлап қалған еді. Бірақ қазір де әдемі", - дейді ақтөбелік гид Еркебұлан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гульнара Баяшева (@taiska751)

Сонымен қатар, Патшайым тауына қатысты ақтөбеліктер жиі айтатын қызықты оқиға бар: 2006 жылы Германиядан келген қарт әйел Google Maps қызметі арқылы шахмат фигурасына ұқсайтын ерекше тауды табады. Әйелдің бұл жартасқа қызыққаны соншалық, оны Қазақстанға өз көзімен көруге келген. Ол сегіз күндей картадан Ақтөбе аймағындағы осы тауды іздеп тапқанда оған Патшайым деген атау берген. Бұл атау әбден сіңісіп, енді конус тәрізді тау енді тек осылай аталатын болған.

"Мен бейне бір шебер қолдар жасаған бор таулардың әдемі жоталарын тамашаладым. Осы жотаны бойлай жүріп мен таныс фигураларды іздеп, тануға тырыстым. Түйе, арыстан, қолдарын созып, шаштары жайылған қыз бейнесі. Мен гипсокартон, мақта мен көбіктен қалай осындай туынды жасауға болады деп таңырқаумен болдым. Келесі жотаға өткенде шахмат ойнап отырған алыпты іздей бастадым. Бірақ мен алыптың шахмат тақтасына қойған пішіндерін ғана көрдім. Міне, Ақ Патшайым, міне, Ладья. Ал алып көрінбеді", - деп бөліседі әсерімен ақтөбелік Гүлнара Баяшева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Антон Рукин (@anton_rukin)

Бұл жерде Титаник, Алып бағана, Сфинкс, Ер және Әйел деген атаумен басқа да жоталар бар. Бұл жоталар тобы бор шыңдардан біршама қашықта орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олег Чеховский (Cain) (@ochekhovskiy)

"Осы көрініс ашылғанда және тіпті күтпеген жерден ашылса, көз алмай, осы сұлулықты бойыңызға әбден сіңіріп алғыңыз келеді", - дейді музыкант-саяхатшы Олег Чеховский.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vasca_photo (@vasca_photo)

"Суретке түсіруге өте керемет жер, бірақ жету өте қиын. Біз көлікпен ұзақ жүрдік, тоқтамаймыз деп ойладық, бірақ үстіртті көріп қалып, суретке түсіруге қалдық", - дейді Сәулет Сәкенов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Константин (@feadux)

Үстіртке төрт тұзды күмбез шектеседі: Құлды-Құдық, Толағай, Шілі-Сай және Алаша-Қазған. Тұз күмбездері – ақаулары бар, әртүрлі пішіндегі төбелер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еркебулан (@erkosh_04_region)

Үстірттің фаунасы да ерекше. Мұнда тау көлеңкесінде сортікен, қылша, жертезек сияқты өсімдіктер өседі. Мұнда сіз тізеңізден топырақ кешіп кетуіңіз де ғажап емес.

"Ол жерде суырлар өте көп, суырлар індерін көп қазып тастағандықтан, жүргенде аяғыңыз кіріп кетеді", - дейді нұр-сұлтандық турист Сәулет Сәкенов.

Бұл жерді шаяндар мен жыландар мекендейді. Жыланға қатысты жер астындағы қазына туралы аңыз да бар екен.

"Мен ол жерде дала жыланын көрдім. Олар өте көп, бір жерде тіпті ұзындығы бір метрге жуықтары бар. Олар улы емес, бірақ қол тигізе алмайсың. Мен осындай екі жерді көрдім. Болжам бойынша, ғылыми дәлелденген де, жыланның үйірі болған жерде алтын болатын сияқты", - деп аяқтады сөзін ақтөбелік гид Еркебұлан.

Қызық дерек. Ақтолағай үстірті атауының шығу тегіне байланысты бірнеше болжамдар бар. Олардың бірі - алып күшке ие Толағай атты құдіретті батыр туралы аңыз. Әкесі көргісі келгендіктен, Толағай ең әдемі қарлы, ақ тауды іздеуге кетеді. Ол оны тауып әкеліп, иығына қайта көтеріп апара жатқанда, тау құлап, бірнеше ақ тауларға бөлініп қалады. Ақтөбеліктер Ақтолағайды Алатау деп атайды. Олардың айтуынша, Құрманғазының әйгілі "Алатау" күйі осы таудың есімімен аталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TRIP TO CENTRAL ASIA DMC (@trip2centralasia)

Тағы бір нұсқа бойынша, үстірт алыстан бассүйекке ұқсайтын ең биік тау болғандықтан Ақтолағай деп аталған ("Ақтолағай" қазақша "ақ бассүйек" дегенді білдіреді).

"Ақтолағай. Тұз, бор, жел. Жусан иісі. Онда міндетті түрде барыңыз! Мәңгілік күй қалай болатынын, жағалаулар сорға қалай ағып жатқанын, бұрынғы теңіз орнымен серуендеңіз", - деп жазады саяхатшы Екатерина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anastasia Kosh (@kosh.anastasia)

Ежелгі кальмардың оққа ұқсайтын қалдықтары белемниттерді жиі кездестіруге болады. Ел арасында оны сырт келбетіне байланысты "шайтанның саусақтары" немесе "бақсының тырнақтары" деп те атайды. Олардың кейбіреулері Атырау тарихи-өлкетану музейінің палеонтологиялық бөлімінде сақталған.

"Олар өте көп, шашылып жатыр. Сондай-ақ, қабыршақтардың көп түрлері бар, оларды қазып алудың немесе іздеудің қажеті жоқ. Аяқ астында шашылып жатыр. Көп болғандықтан, оларды іздеп, күш жұмсаудың қажеті жоқ", - дейді елорда тұрғыны Сәулет Сәкенов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ольга Аксенова (@vintage_jewelry_antikques)

Қалай жетуге болады?

Ақтолағай үстірті Ақтөбе мен Атырау облыстарының шекарасында орналасқан. Жақын орналасқан ірі елді мекендер алқаптан 100-150 шақырым қашықтықта орналасқан Құлсары ауылы. Үстіртке жақын ірі қалалар - Ақтөбе мен Атырау.

"Құлсарыдан Ақкөгершін мен Ақтолағайға жету үшін жеті сағаттай уақыт кетеді, асығыс болсаңыз, төрт-бес сағатта жетесіз. Құлсарыға дейін жол жақсы, содан кейін грейдерлер мен дала жолдары басталады. Жол талғамайтын көлік немесе үлкен тіркемесі бар көлік қажет", - деп толықтырады сөзін Сәулет Сәкенов.

Оның айтуынша, бор жартастарға бармас бұрын бензин мен су қорын дайындап алу керек. Жақын жерден жанармай құю бекеті мен дүкенді тек Құлсары ауылында немесе Ақтөбеден табуға болады.

"Біз былай жасадық: жанармай құю бекетіне жетіп, жанармай құйдық. Бізде 800 километрге дейін жететін бензин мен машиналар болды. Жердің қиындығына қарай бензин де көп жұмсалады. бізде шамамен жиырма литрлік бензин құтысы болды", - деп бөліседі Сәулет Сәкенов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гульнара Баяшева (@taiska751)

Егер Ақтолағай үстіртіне күзде немесе қыста барар болсаңыз, ауа-райы салқын және желді болуы мүмкін, сондықтан жылы шұлықтар, қолғап (шыңға шығу ыңғайлы болуы үшін), бас киім алуды ұмытпаңыз. Жазда Ақтолағай аумағында орташа температура 25-тен 30 градусқа дейін көтеріледі. Рас, жергілікті гидтердің айтуынша, жазғы күндері үстірттегі термометр 56 градусқа дейін көтерілген кездер де болған. Қыста ең төменгі температура сегіз градус шамасында болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еркебулан (@erkosh_04_region)

Сол жерлерді аралаған ақтөбелік саяхатшы Гүлнара Баяшева үстіртке апаратын жол қиын, әрі ұзақ, сондықтан жолға дайын болған абзал деп жазады. Жолға шығар алдында мұз кәмпит, гигиеналық пакеттер, арқа мен мойынға арналған жастықша алып алған дұрыс.

"Ол жерге қыста бару өте қиын. Елестетіп көріңіз: жолсызбен 130 шақырым жүру. Тіпті 911 де көмектеспейді. Онда ештеңе жоқ, тек бірнеше шаруа қожалығы, қойшылар, олар тек жазда жұмыс істейді, олардан су тауып ішуге болады", - дейді ақтөбелік гид Еркебұлан.

Сіз киіміңізге де назар аударғаныңыз жөн, себебі, үсті-басыңыз аппақ шаңға малынады. Сізге ұзақ серуендеуге барынша дайындық қажет (Ақтолағай үстіртінің ұзындығы 90 шақырым, ал ені он шақырымға дейін).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еркебулан (@erkosh_04_region)

Ақтолағай үстірті сұлулығымен ғана емес, бай тарихымен таңдандырады. Қазақстанда өмір сүре тұра, көпшілігіміз, өкінішке орай, табиғатымыздың осындай кереметтері туралы біле бермейміз. Шекаралардың жабылуы - бұл қазақстандықтар үшін өз елінің таңғажайып сұлулығын ашатын мүмкіндік. Тек қоқыс қалдырмасаңыз болғаны.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная