Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер

© shutterstock

Каспий теңізі - Қазақстанның батыс шекарасын жуып жатқан әлемдегі ең үлкен тұйық су қоймасы. Бұл саяхатшыларды өзінің әсем табиғатымен ғана емес, құпиялы, бай тарихымен де тартатын әлемдегі ең үлкен теңіз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Каспийдің туристерді несімен қызықтыратыны жайлы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Каспий теңізі - Қазақстанның батыс шекарасын жуып жатқан әлемдегі ең үлкен тұйық су қоймасы. Бұл саяхатшыларды өзінің әсем табиғатымен ғана емес, құпиялы, бай тарихымен де тартатын әлемдегі ең үлкен теңіз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Каспийдің туристерді несімен қызықтыратыны жайлы баяндайды.

Каспий теңізінде бүкіл Жер шары ішкі суларының шамамен 40 пайызы сақталған, бірақ соған қарамастан бұл су қоймасы көл болып табылады. Алайда, көлемі шамамен 370 мың шаршы шақырым болғандықтан, теңіз атауы қалып қойған.

© shutterstock

Реклама
Реклама

Каспий теңізіндегі судың тұздылығы Дүниежүзілік мұхитқа қарағанда үш есе төмен. Теңізге жүзден астам өзен құяды, олар оны тұщы сумен толтырады. Еділ өзені үлкен үлес қосады, ол теңізге барлық тұщы судың 80 пайызын құяды. Біздің мемлекетке қарайтын Каспийдің солтүстік жағалауының тереңдігі 15-20 метр.

Алғаш рет Каспий теңізі туралы біздің дәуірімізге дейінгі 1200 жылға дейін созылған зороастризм Авестасының қасиетті мәтіндер жинағында кездеседі. Ал ежелгі грек ақыны Гомер теңізді "Күн тоғаны" деп атаған. Каспий теңізі атауының өзі біздің дәуірімізге дейін оңтүстік-батыс жағалауды мекендеген жылқы өсірушілер - каспийлер тайпаларының атауына байланысты қалыптасты.

© shutterstock.com

Ертеде Каспий теңізі Қара теңізбен бірге шамамен бір миллион жыл бұрын екіге жарылған Сармат теңізінің бір бөлігі болған. Римдіктер Каспий теңізінің көлемі мен тұздылығына байланысты теңіз деп атаған. Каспий теңізінің араб, парсы, түрік, әзірбайжан және түрікмен тілдерінде Хазар теңізі деген де атауы бар.

Бір қызығы, Каспий теңізінің нақты картасы 1719 жылға дейін болған жоқ. Сол жылы Бекович-Черкасскийдің бірінші экспедициясы өтіп, бұл жер жан-жақты зерттеліп, кейінгі бірнеше жылда картасы пайда болады.

© shutterstock

Теңізде жануарлардың 850 түрі мекендейді. Каспий теңізіндегі ерекше жануар итбалық немесе Каспий итбалығы болып саналады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұрын теңізде шомылу немесе балық аулау кезінде өте жақын жүзіп жүрген итбалықтарды көруге болатын.

© shutterstock.com

Тағы бір қызық дерек, бір кездері Каспий теңізінде әлемдегі бекіре тұқымдас балықтардың 90 пайызы мекен еткен. Егер сіз қара уылдырық ең қымбат деп ойласаңыз, бұл жаңсақ пікір. 100 грамы екі мың долларды құрайтын ең құнды уылдырық - "Алмас" альбинос ақсеркенің уылдырығы. Уылдырықтың түсі ашық сұрдан ақ түске дейін болуы мүмкін, ал уылдырық неғұрлым ашық болса, оның құны соғұрлым жоғары болады. Бұл балық Каспий теңізінде, негізінен Иран жағалауында ауланады.

© shutterstock

Қызық дерек.

1922 жылы мамырда орыс балықшылары салмағы 1224 келі болатын алып ақсеркені Еділдің Каспий теңізіне құяр тұсынан ұстады. Бір ғана уылдырықтың салмағы бір жарым жүз келіге жуық, ал басы одан да үлкен - 288 келі болды. Балықшылар арасында бұдан да үлкен балықтар ауланғаны туралы аңыздар бар, бірақ олар тіркелмеген.

2017 жылы Атыраудағы "Амангелді" өндірістік кооперативінің балықшылары салмағы 160 келі болатын ақсерке ұстаған. Алып "патша-балық" Жайық өзенінің төменгі бөлігінде "Малая Дамбинская" тонында ауланды.

Ақтау қаласының жағалауы, © shutterstock

Қазына іздеушілердің айтуынша, Каспий теңізінің түбінде қазына көп, өйткені дауылдардың, теңіз шайқастарының салдарынан құнды жүктері бар көптеген кемелер апатқа ұшыраған. Бірнеше жыл бұрын әйгілі американдық сүңгуір Билл Уоррен қазына табу үшін Каспийді зерттеуді ұсынды.

Каспий теңізінің конституциясы

1991 жылға дейін Каспий теңізі екі мемлекетке тиесілі болды: КСРО және Иран. Алайда Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін теңізді бес мемлекет: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан арасында бөлуге тура келді. Ресурстық әлеуетінің арқасында Каспий теңізі бұл елдер үшін әрқашан үлкен стратегиялық маңызға ие болды. Мұнда балықтың 115 түрі мен өсімдіктердің 728 түрі мекендейді. Каспий өңірі де Қазақстанның негізгі мұнай өндіретін аудандарының бірі болып табылады.

Конвенцияға сәйкес, Каспий бестігінің әрбір елі 15 мильдік аумақтық теңіз аймағын, сондай-ақ 10 мильдік балық аулау аймағын алады. Қалғаны ортақ кеңістік.

© shutterstock.com

Каспий теңізіндегі мұнай мен газдың қоры таңқаларлық: олар дүние жүзінің үштен бір бөлігін құрайды және шартты отынның көрсеткіштері 26 және 40 миллиард тоннаны құрайды. Алынатын қор әлдеқайда аз, бірақ олар тек Қашағаннан 11 миллиард баррель мұнай алуға үміттенері анық (ол мұнайдың сапасына байланысты шамамен бір жарым миллиард тонна). Апшерон қайраңындағы алғашқы мұнай ұңғымалары XIX ғасырдың бірінші жартысында бұрғыланды, 1949 жылдан бастап теңіз түбінен мұнай өндіріле бастады. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының басында Иосиф Сталин мұнай өндіруді ұлғайту үшін Каспий теңізін құрғату идеясын ұсынған.

Еділ арнасын Солтүстік Қазақстанға бағыттау жоспарланған болатын. Дегенмен, кеңес гидрологтары "халық көсемін" климаттық апатқа әкелетін бұл үлкен жобадан әрең тайдырған екен. Олар Сталинге Каспийге құятын барлық өзендердің арналарын кесіп тастаса да, теңізді құрғату мүмкін еместігін дәлелдеді.

Қызық дерек

1968 жылы Каспий теңізі кеңестік "Шөлдің ақ күні" фильмінің түсіру алаңының біріне айналды. Махачкала жағынан жағалауда кеденші Верещагиннің үйі тұрғызылған.

Ақтау маңындағы демалыс орталықтары

Stigl (Стигл) спорт және сауықтыру орталығы

Орталық Каспий теңізінің жағасында, Ақтау қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Демалушылар эконом және люкс класындағы бөлмелері бар "Теремки" қонақүйіне орналаса алады. Орталықта ересектер мен балаларға арналған екі бөлек бассейн (жылыту), сауналар, спорт залы бар. Монша теңізге бірден сүңгіп кету үшін жағадан 100 метр қашықтықта орналасқан. Stigl спорт және сауықтыру орталығы Жылы жағажай аумағында орналасқан.

Бағасы: саяжайлар - 13 000 теңгеден, қонақүй бөлмесі - 24 000 теңгеден.

© shutterstock.com

"Серебряные пески" демалыс базасы

Ақтаудан 22 шақырым қашықтықта орналасқан орталықта екі жатын орынды үйлер мен төрт жатын орынды бөлмелерді жалға алуға болады. Сондай-ақ автотұрақ, беседка, спорт алаңы және жазғы дәмхана бар.
Бағасы: үйде тұру үшін бір адамға 2500 теңгеден, үйсіз демалыс - 1600 теңге, беседка жалдау - сағатына 5000 теңге.

"Бриз" демалыс базасы

База аумағында үш және төрт орынды үйлер бар. Базада балалар алаңы мен спорт алаңы бар, әр үйдің жанындағы жағажайда автотұрақ, шатырлар, мангалдар орнатылған.

Бағасы: бір адамға тәулігіне 2500 теңге, беседканы жалға алу - бір адамға 1000 теңге.

© shutterstock

© shutterstock

Сіз түнеуді жоспарламасаңыз, үйді жалға алмай-ақ барлық базалар мен демалыс орындарында демалуға болады. Жеке базалардың аумағына кіру 1000 теңгеден басталады. VIP үйлер де бар, олардың тәулігіне жалға алу құны 600 мың теңгені құрайды.

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная