Министр шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізуге қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің Қазақстанда шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы бастамасына премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, ол мұндай ұсынысты жеке білмейді. Алайда бұл ұсыныс түссе, қаралады.

"Білуімше, кейбір елдерде бұл (шетелдіктермен некеге тұруға салынатын салық – еск.) қолданылады. Сондықтан жұмыс тобында зерделеп, ондай ұсыныс түссе, қарастырамыз. Бірақ бұл әлі талқыланып жатқан жоқ", - деп жауап берді Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!