Министр Қазақстанның ішкі туризімінде қандай өзгерістер болатынын айтты

© pixabay.com/trejlerfilms

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таяу жылдары Қазақстанның ішкі туризімінде қандай өзгерістер болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таяу жылдары Қазақстанның ішкі туризімінде қандай өзгерістер болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Асхат Оралов Қазақстанның алдағы 7 жылға арналған мәдени саясатының бекітілген тұжырымдамасын ұсынды. Ол елдің біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыруға және мәдениеттің барлық бағыттарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған.

"Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне Қазақстан Республикасынан 10 нысан енгізілген. 2025 жылға қарай олардың санын 16 бірлікке дейін арттыру жоспарда бар. Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесіп «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындау және ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Оның шеңберінде Ұлы Жібек жолы бойындағы 6 нысанды: Сығанақ, Сауран, Ясы, Отырар, Жанкент қалашықтары мен Жетіасар оазисінің ескерткіштерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланып отыр", - деп жазды министр Telegram желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Ол Қазақстанның мәдени брендін дамыту үшін мәдени туризмді жолға қою маңызды екенін айтты.

"Қазірдің өзінде "Сарайшық", "Ұлытау", "Таңбалы" және "Отырар" визит-орталықтарын пайдалануға бердік. Жақын арада Гаухар-Ана, Сауран, Есік және Ордабасы республикалық музей-қорықтарының аумағында визит-орталықтардың құрылысын аяқталады. Сондай-ақ, ашық аспан астындағы "Бозоқ" Ұлттық археологиялық саябағын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы күндері ортағасырлық архитектуралық стильде кіреберіс қақпалары салынып жатыр", - деді Оралов.

Мәдмин басшысының айтуынша, кейінгі үш жылда 8 археологиялық ескерткіш (Берел, Бытыгай, Ботай, Бозоқ, Рахат, Сарайшық және т.б.) зерттелді, ол жұмыстар биыл аяқталады.

"2030 жылға қарай біз ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерінің үлесін олардың жалпы санының 40 пайызына дейін жеткізуге ниеттіміз.

Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының Ұлттық тізбесін толықтыру жұмыстары жалғасады. 2030 жылға қарай біз ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізімінде ұсынылған Қазақстан мәдениетінің элементтерінің санын 20 бірлікке дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің рухани байлығымызды насихаттау, дамыту және сақтау бағытындағы маңызды қадам", - деп түйіндеді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная