Министр азаматтық авиацияның дамуын тежеп тұрған негізгі факторларды атады

Фото: elements.envato.com

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев отандық авиация саласындағы негізгі өзекті мәселелерді тізбектеп шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев отандық авиация саласындағы негізгі өзекті мәселелерді тізбектеп шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Азаматтық авиация саласына тұсау салып тұрған факторлардың бірі ішкі нарықтағы авиаотынның тапшылығы және оның қымбаттылығы болып тұр. Сол себепті отандық әуежайлар көршілес елдердегі әріптестерімен салыстырғанда транзиттік компанияларды тартып, оларға қызмет көрсету жағынан бәсекелестігін жоғалтып жатыр. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетіне жағымсыз әсер етеді", - деді Марат Кәрімжанұлы.

Авиаотын нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты әуекомпаниялар жаңа халықаралық рейстерді ашу бойынша сұранысты қанағаттандыруға қауқарсыз. Министрдің айтуынша, өзекті мәселені жүйелі түрде шешу үшін жағармай өндірісінің жыл сайынғы көлемін ұлғайту қажет. Бұл ішкі нарықтағы тапшылық пен импортқа тәуелділіктің алдын алуға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

Бұған қоса білікті мамандардың тапшылығы мен әуе көлігі инфрақұрылымына қатысты біраз мәселе саланы өркендетуге кедергі келтіріп отырғаны белгілі болды.

Қазір азаматтық авиацияда 20 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. 2025 жылға қарай әуе саласының мамандарына деген қажеттілік ұлғаяды деп болжанып отыр.

"Қажетті маман тапшылығы мәселесін шешу мен студенттеріміздің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, еуропалық стандарттарға көшу арқылы азаматтық авиация саласына кадр даярлау жүйесін түбегейлі реформалап, сондай-ақ оқу процесін ИКАО-ның озық стандарттарына сай жолға қою мәселесі қарастырылып келеді", - деді министр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная