Мемлекет AirAstana және QazaqAir активтерін сатуды жоспарлап отыр

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет AirAstana АҚ және QazaqAir АҚ мемпакетін сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) басшысының орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет AirAstana АҚ және QazaqAir АҚ мемпакетін сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) басшысының орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"AirAstana және QazaqAir компанияларында мемлекеттік қатысу үлесі - 76 пайыз, ашық аспан режимін реттейтін ақпараттың шектеулі мерзімдері мен болмауы, әуеотын сатушылар арасында бәсекелестік ортаның болмауы, жоғары баға, отын көлемінің жетіспеушілігі және әуежайларды пайдаланушылар тарапынан шектеулер", - деп түсіндірді төраға орынбасары.

Реклама
Реклама

Нарықтағы бұл жағдайды түзету үшін агенттік бірқатар шара атқаруды жоспарлап отыр.

"Осылайша, бұл нарық бәсекелестік жеткіліксіз дамыған нарықтың жоғары шоғырланған түріне жатады. Мемлекеттің қатысуымен авиакомпаниялардың болуы нарық субъектілері арасындағы бәсекелестіктің, шетелдік авиатасымалдаушылар мен инвесторлардың қызығушылығының төмендеуіне әкеледі. Бұл факторлар жалпы бәсекелестікке теріс әсер етеді.

"Бірінші кезекте, әуекомпанияның активтерін жекешелендіру арқылы осы нарықта мемлекеттің қатысу деңгейін төмендету. Нарықтың шоғырлану деңгейін төмендету және бәсекелестікті арттыру үшін жетекші әуекомпанияны бөлу. Шетелдік тасымалдаушыларды тарту үшін 2028 жылға дейін ашық аспан режимінің мерзімін ұлғайту. Авиаотын сатушылар мен әуежайлар арасындағы бәсекелестік ортаны дамыту", - деп түсіндірді Ахметов.

Осыған байланысты мынадай іс-шаралар көзделген:

"QazaqAir" АҚ, "AirAstana" АҚ компаниясының мемлекетт қарамағындағы пакет акциясын сату; жекешелендіру сәтіне дейін "Fly Аrystan" нарығының жеке субъектісі ретінде бөлу; Қазақстанның барлық 13 халықаралық әуежайы үшін "ашық аспан" режимінің қолданылу мерзімін 2028 жылға дейін ұлғайту.

Былтыр қарашада Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің FlyArystan лоукостерін жеке компания ретінде бөлу туралы ұсынысына түсініктеме берді. Оның айтуынша, ең қолайлы нәтиже2024 жылдың аяғында болуы мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная