Мексикада пирамидаға шыққан турист ашулы топтан таяқ жеді

© tmz.com видеосынан скриншот

Мая елінің көрнекі орны ретінде есептелетін пирамидаға жартылай жалаңаш өрмелеп шыққан турист жергілікті халықтың қаһарына ұшырап, таяқ жеді. Оқиға Мексиканың Юкатан түбегіндегі Чичен-Ица археологиялық кешенінде болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мая елінің көрнекі орны ретінде есептелетін пирамидаға жартылай жалаңаш өрмелеп шыққан турист жергілікті халықтың қаһарына ұшырап, таяқ жеді. Оқиға Мексиканың Юкатан түбегіндегі Чичен-Ица археологиялық кешенінде болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Tmz мәліметінше, осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде вирусқа айналған. Польшалық турист Куклькан пирамидасының шыңына шыққан. Видеода оның шыңға шығып, түсіп келе жатқаны түсірілген. Жерге түскенде оны ашулы топ күтіп алып, соққының астына алған.

Туристің басына ағашпен соққы жасалған. Басқалары тек оған айғайлап ұрысқан. Оқиға орнына жеткен полиция оларды ажыратып, поляк жігітін 12 сағатқа қамап, 5 мың песо (122 330 теңге) айыппұл салған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, әлемнің Жаңа жеті кереметінің бірі саналатын майя пирамидасына шығуға қатаң тыйым салынады. Оның басына шығу кезінде ежелгі тастар опырылып, туристке қауіп-қатер төнуі мүмкін. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да мұндай қызығушылыққа наразы.

@angelalopeze this is so disrespectful… don’t mess with my Mexican people ?? #chichenitza #disrespectful #mayanpyramid #vacation #crazy #viral ♬ original sound - ang
TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная