Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

"Медеудегі" автотұрақ ақылы болады


15 наурыздан бастап "Медеу" мұзайдыны жанындағы көлік тұрағы ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aparking компаниясына сілтеме жасап.

Автотұрақ 191 көлікке арналған. Келушілер бір сағат үшін 100 теңге төлейді. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.

"Демалыс күндері "Медеуге" баратын жүргізушілер ыңғайсыздыққа тап болып жатады. Автотұрақта орын жетпейді, кешенге кіреберістер қоқысқа толады. Автокөлік иелеріне толық жабдықталған автотұрақтың пайда болуы жеке көлік құралдарын пайдалану кезінде ыңғайлы болады, сонымен бірге. тұрақ ережесін бұзатындар азаяды", - деп түсіндірді компаниядағылар.

Автотұрақта қоршаулар, шлагбаум, халықаралық стандарттарға сәйкес белгілер бар. Автотұрақ ақысын паркомат көмегімен немесе онлайн-төлемнің барлық түрі - "Алматы тұрақтары" қолданбасы, мобайл банкинг, QIWI терминалдары және SMS арқылы төлеуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Осыған ұқсас мақалалар

Алматыдан Батумиге 15 мамырдан бастап жаңа рейс ашылады Алматыдан Батумиге 15 мамырдан бастап жаңа рейс ашылады
Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна қанша болатыны айтылды Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна қанша болатыны айтылды
Instagram-дағы үздік бизнес-аккаунттар рейтингі жарияланды Instagram-дағы үздік бизнес-аккаунттар рейтингі жарияланды