Маңғыстауда қызғылт қоқиқаздардың бір легі видеоға түсіп қалды

Блогер, видеограф Азамат Сәрсенбаев Telegram-арнасында Маңғыстауға оралған қоқиқаздардың көлдің бетінде ұшып жүрген әдемі бейнесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Блогер, видеограф Азамат Сәрсенбаев Telegram-арнасында Маңғыстауға оралған қоқиқаздардың көлдің бетінде ұшып жүрген әдемі бейнесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұшып жүрген қоқиқаздарды көру нағыз ләззат, ұзақ уақыт ұмытылмастай әсер қалдыратын көрініс. Маңғыстауда мыңдаған қоқиқаз одан әрі Қорғалжынға ұшу үшін күш алып жатыр", - деп жазды видео авторы.

Реклама
Реклама

Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғылт қоқиқаздар Ақтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан Қаракөл көлінде мекендейді. Қыста олар жылы елдерге ұшып, көктемде қайтады.

"Наурыз - Маңғыстаудағы ең ғажайып айлардың бірі", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев құс бақылап жүріп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная