Мамырда Шымкент - Дели рейсі ашылады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. Осыған орай алғаш рет Шымкент - Дели - Шымкент жаңа әуе бағыты ашылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Рейстерді "Fly Arystan" әуе тасымалдаушысы ("Эйр Астана" АҚ компаниялар тобы) 2023 жылғы 22 мамырдан бастап "Airbus-320" үлгісіндегі әуекемесінде аптасына екі рет жиілікпен орындайды", - делінген ААК хабарламасында.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!