Мамандар "Каспий жағалауында" түсірілген қолтырауынның видеосын зерттеді

Әлеуметтік желілерде теңіз жағасында жүзіп жүрген қолтырауынның видеосы тарады. Пайдаланушылар бұл видео Каспий жағалауында түсірілген деп болжады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі өңірдің қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов ақпараттың жалған екенін айтты.

"Видео Каспий теңізінде түсірілген болуы мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда өмір сүреді. Ол сондай-ақ ауа райы жылы болатын Африка сияқты тропикалық және субтропикалық аймақтарды мекендейді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият талдағаннан кейін ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік", - деді Габбас Досатов.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!