Маман Украинадағы жағдай қазақстандық туризмге қалай әсер ететінін айтты

Қазіргі уақытта Украинада Ресеймен қақтығысқа байланысты әскери жағдай енгізілді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі мұндай жағдай Қазақстан үшін шетелдік туризм қалай болатынын біліп көрді. 

24 ақпанда Украина өз елінің аумағында әуекеңістігі жабылғаны туралы жариялады. Содан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық әуекомпаниялардың Украина арқылы ұшуына тыйым салынғанын мәлімдеді. Қазақстаннан Украинаға осы күнге дейін тек "Эйр Астана" ұшатын, осы орайда бұл әуекмопания 7 наурызға дейін Киевке ұшатын рейстерді тоқтатты. 

"Туристік Қамқор" ұжымдық қорының төрайымы Инна Рей тілшінің жолдаған сауалына жауап ретінде Украинадағы жағдай Қазақстан туризіміне әсер етпей қоймайтынын айтты. 

"Ұшу кезінде қауіпті жағдай пайда болды. Егер байқасаңыз, Украина аумағының аспаны лезде босап қалды. Енду ұшу кезінде мәселелер туындауы мүмкін, яғни ұшу уақыты ұзаққа созылады деген сөз. Менің ойымша, көптеген қосымша шектеулер пайда болады, ал мұның барлығы туристерге әсер етеді", - деді ол. 

Сондай-ақ, Рейдің айтуынша, қазақстандықтар Киев арқылы транзиттік рейстермен ұшу тәжірибесін қойғалы біраз уақыт болған. 

"Ақпарат барлығына бірдей жетеді. Барлығы да жағдайдың қаншалықты ауыр екенін көріп отыр. Қазақстандық туристер жақсы көретін Киев арқылы транзиттік ұшу туралы айтар болсақ, біраз уақыттан бері Киев арқылы ұшу "сәннен" қалғандай. Ұшу ағыны төмендеп кетті, өйткені украиналық әуежелілері Қазақстанға ұшуды доғарды, өйткені рейс уақыты тым ұзақ болатын. Сол себепті транзиттік тарифтер азая берді, ал басқа әуекомпаниялармен ұшу қазақстандықтар үшін қымбат еді, сондықтан туристер Минск не Калининград арқылы ұшып, біраз шығыннан аман қалды", - дейді Инна Рей. 

Сонымен қатар, қор төрайымы Қазақстанға саяхаттағысы келетіндер туралы да айта кетті. 

"Қазақстанға саяхаттау жайлы айтар болсақ - өте өкінішті. Біз ұзақ уақыт бойы шекараның ашылуын күттік, қаншама қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылды. Көптеген мәселелерді шешіп, шекара ашылды-ау дегенде мынадай жағдай болды. Бұл шетелдік туристерді тоқтатады. Олар бұрыннан біздегі қауіпсіздікке күмәнмен қарайтын, енді мүлде біз жаққа басын бұру үшін жүз ойланатын шығар" , - деп қорытындылады Инна Рей.