Бурабайда 14-ке жуық ірі су қоймасы бар. Олар бір-біріне жақын орналасқан және туристерді ерекше көрінісімен таңғалдырады. Сондықтан жазда туристер жағажай демалысына осында келеді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata сервисімен бірге керемет демалыс өткізу үшін Бурабайда қай жерге бару керектігі жайлы баяндайды.
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы немесе Бурабай Қазақстанның солтүстігінде, Ақмола облысында, Нұр-Сұлтан қаласынан 255 шақырым жерде орналасқан. Бұл жердің табиғаты көркем, Қазақстанның ерекше танымал демалыс орны.
Бурабай ауылы шағын елдімекен, бірақ соған қарамастан, ұлттық саябақ Қазақстандағы туристердің таңдауында көш бастап тұр. Kazakh Tourism мәліметтері бойынша, 2019 жылы Бурабай курортына 683 мың қазақстандық келген.
Шортанды көлі
Нұр-Сұлтаннан келе жатқан жолаушы Щучинск қаласы арқылы өтеді. Мұнда Шортанды көлі бар. Ол өте терең. Суы таза, мөлдір, жер астынан көқптеген ағын су мен бұлақтар ағып шығады. Жағажайлар қаланың шетінде де, Бурабайдың жағында да орналасқан. "Бурабай Даму" ЖШС маркетинг және туризм бөлімінің басшысы Шыңғыс Оразалин бұл жерге қалай жетуге болатыны, қандай мүмкіндіктері бары жайлы баяндады.
"Щучинск қаласы жағынан, Шортанды көлінің батыс жағалауында бірнеше жағажайлар бар, оның ішінде "Мираж" жағажайы, қайық және құтқару станциясы, Marine club Burabay яхта клубы. Бұл аудандарда жүзуге болады, барлық жағдай жасалған. Жағажайға кіру бір адамға 1000 теңгеден басталады 12 жасқа дейінгі балаларға тегін. Бұл жақта бірнеше қонақүй бар, мысалы, Park Hotel Kokshetau және т.б. Олар әрі жағажаймен қамтамасыз етеді. Негізінен қала тұрғындары баратын тегін "жабайы" жағажай да бар", - дейді ол.
Яндекс картадан скриншот
"Шортанды көлінің арғы бетінде, керісінше, Rixos Borovoe қонақүйі, "Burabay Land" және Кедровый Бор ойын-сауық саябағы бар. Мұнда және жақын жерде жақсы жабдықталған жағажайлар бар. Бұл аймақ суға түсуге өте ыңғайлы. Бұл шығыс жағалауына бару үшін, автобаннан оңға бұрылып, айналма жолдан өтеміз және одан әрі Бурабайға баратын жолмен Rixos Borovoe бағдаршасынан бұрыламыз.Сонымен қатар сіз әр түрлі қонақүйлер, санаторийлер мен демалыс орталықтары орналасқан Щучье санаторийі ауылына бара аласыз, Олардың жеке жағажайлары бар", - деп түсіндірді Шыңғыс.
Публикация от Анна Пашковская (@ann_pashkovskaya)
Маман санаторийлер көлдің солтүстік бөлігінде орналасқанын айтты. Жақсы жабдықталған демалыс орындары, сонымен қатар ақылы және тегін жағажайлар бар. Бұған қоса, бұрын керемет жағажайы болған "Зеленый бор" аймағы орналасқан жерде қазір бос жағажайлар бар.
Үлкен Шабақты көлі
Кіші және Үлкен Шабақты көлдері Бурабай ауылы жағында орналасқан. Үлкен Шабақты теңіз деңгейінен 320 метр биіктікте орналасқан. Мұндағы демалыс курорттық аймақтың басқа су қоймаларына қарағанда әлдеқайда қолжетімді. Жеке секторда сіз арзан демалыс орындарын таба аласыз. Кейбір жағажайлардың жағалауы құмды, бұл кішкентай балалары бар демалушыларға ыңғайлы. Сондай-ақ үлкен тасты бар жерлері де бар. Суының түбі құмды. Жағалауы майда құмды болып келеді.
Үлкен Шабақты көлінің маңындағы табиғат өзінің бастапқы түрін жақсы сақтаған. Мұнда Бурабай көліндегідей клубтар мен дамыған туристік инфрақұрылымды таба алмайсыз. Көлдің жағасында Көк шығанағы немесе жергілікті Мальдив аралдары деп аталатын жер бар. Мұнда жүзуге арналған бірнеше орындар бар.
Публикация от Василий Баев (@basileos_kz)
Оған ақылы аймақтан көлікпен жетуге болады. Абылайхан алаңқайынан ары қарай ауылға қарай жүру керек. Ескерткіш пен автотұрақ жанынан өтіп, "Астана нұры" мейрамханасының жанына тоқтау қажет. Көлігіңізді осында қоюға да болады. Жағажайдың өзі және лагерь автотұрақтан бес минуттық жерде орналасқан. Мейрамхананың сол жағындағы жолмен көлге қарай жүріңіз, бір минуттан кейін судың әдемі көрінісі ашылады. Соңында Бурабайдағы ең таза және әдемі жағажайлардың бірін көресіз. Мұндағы су ерекше мөлдір, түбі тасты, бірақ түскенде батпайды, балалар өздігінен жүзе алады. Әрі қарай жағалауда мойнақты көруге болады. Шыңғыс Оразалин бұл аралдың Бурабай қонақтарының арасында өте танымал екенін айтады.
"Бұл жер ән салатын арал деп аталады. Бұл жерде ресми түрде шатыр тігуге рұқсат етілген, от жағуға рұқсат етілген жерлер де бар. Бұл жер өте қызықты және әдемі. Шатыр тігу үшін "Бурабай" МҰТС-нан рұқсат алу керек. Арал неге ән салатын деп аталды? Кеңес дәуірінен бері бұл аралда жыл сайын Бард фестивалі өтіп, айнала гитара үні мен жағылған оттың түтініне толатын", - дейді ол.
Сәл ары қарай Бурабай ауылынан 14 шақырымдай жерде Ақбура жағажайы бар. Үш жабдықталған жүзу аймағы бар: біреуі тегін және екеуі ақылы. Қазір бұл жер белсенді құрылыс жүруде, мұнда балаларға арналған ойын-сауық орындары, серуендеу және демалу орындары бар.
Текекөл көлі
"Ақбура" курорты бағытында Үлкен Шабақты көлінің сол жағында шағын Текекөл көлі бар. Құмды жағалауы, ұсақ малтатасты, мөлдір суы бар. Мұнда туристер көп емес. Сондықтан тыныштықта демалуға әбден болады.
"Көл соншалықты үлкен емес, бірақ бір жабайы және бір жақсы жабдықталған жағажай бар. Мұндағы су өте жұмсақ әрі жылы, өйткені көлдің көлемі үлкен емес. Су тез жылынады" дейді ол.
Текекөл белсенді туризмге мүмкіндіктер ұсынады. Туристік лагерьлер аумағында жанға керектінің бәрі бар: бассейндер мен спа-салондар, монша кешендері, спорт алаңдары - мейрамханалар мен түнгі клубтар.
Кіші Шабақты көлі
Тектоникалық түзілуден пайда болған көл мөлдір суда кездесетін чебак балығының арқасында осындай ерекше атауға ие болған. Алайда, көлде балық аулау үшін арнайы рұқсат қажет. Жағалауы кей жерлерінде тасты, кей жерлерінде құмды. Жартасты жағалаулар оңтүстік бөлікке жақынырақ басталады. Кіші Шабақты тұйық көл және ешқашан құрғамайды. Ең жоғары тереңдігі 12 метрге жетеді. Көлдің суы тұзды болғандықтан ішуге жарамайды.
Кіші Шабақты Көкшетау тауының ар жағында орналасқан. Жақын жерде Дорофеевка немесе Ақылбай ауылы бар. Ауыл су қоймасының дәл жағасында орналасқан. Мұнда көптеген демалыс орындары бар. Қонақ үйлер, кемпингтер. Сондай-ақ, жабдықталмаған жүзуге арналған орындар бар, онда сіз уақытты керемет өткізе аласыз.
Көл мөлдір және суық. Оны таулар мен шетсіз-шексіз далалар қоршап тұр. Кешке жақын айналаны тұман басып, ауадан қарағайдың, шөптер мен гүлдердің хош иісі аңқиды. Мұнда туристер табиғат сұлулығын тамашалау үшін келеді. Кіші Шабақты көліндегі демалыс туралы туристердің пікірлерін мына сілтемеден қарауға болады.
Бурабай көлі
Туристер арасында ең танымал көл - Бурабай, ол Әулиекөл деп те аталады. Бурабайда суға шомылу кезеңі маусымнан тамызға дейін созылады, дегенмен қыркүйекте суға түсетін туристер бар. Әулиекөл ұлттық саябақтың ең үлкені болып саналады. Мұндағы су мөлдір және тұщы. Келушілердің көпшілігі оның емдік қасиеті бар деп сенеді. Жағалауда бірнеше ірі санаторийлер бар.
Публикация от @tanusha_roller
Су қоймасының ұзындығы шамамен 4,5 шақырым, тереңдігі жеті метрге жуық. Көлде бірнеше әдемі шығанақтар бар, олардың бірінде танымал Жұмбақтас жартасы бар. Жағалауда тегін және ақылы жағажайлар бар. Ақылы жағажайлар шезлонгтармен жабдықталған, судағы ойын-сауық, үрлемелі сырғанақтар мен бассейн ұсынылады. Бос орындарды көл жағасындағы сүрлеумен жүріп табуға болады. Мұндағы кіреберіс құмды. Жағалау жан-жағынан орман, таулармен қоршалған, сондықтан әдемі көріністі тамашалауға болады.
Шығыс жағалауында да жақсы құмды жағажай бар, оның жанында "билейтін" қайың тоғайы бар. Мұнда олар қайық, жабдықтарды жалға береді, басқа да ойын-сауық түрлері ұсынылады.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық. Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.