Лоукостер Шарджа - Алматы тікелей әуе рейсін жаңартады

Арабиялық Air Arabia лоукостері Қазақстанға тұрақты түрде тікелей рейстерді жаңартады. Шарджа - Алматы алғашқы тікелей рейсі 2021 жылдың 21 мамырына жоспарланған, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Gulftoday.ae басылымына сілтеме жасап.

Билеттерді әуекомпания сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, туристер билетті байланыс орталығына немесе туристік агенттіктер арқылы брондауға алады.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер рейстердің қайта басталуы туралы ақпаратты растады.

Шарджа - Алматы рейсі аптасына үш рет: сейсенбі, жұма және жексенбі күндері болады. Билет құны 89 466 теңгеден (764 Дирхам) басталады. Сондай-ақ, Air Arabia билеттің бағасына COVID-19-дан тегін сақтандыруды қосқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!