Іле Алатауына баруды жоспарлаған туристерге ескерту жасалды

Фото: pixabay.com

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті туристерді қар көшкіні қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті туристерді қар көшкіні қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 28 наурыз бен 31 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

"ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Реклама
Реклама

ТЖД мәліметінше, Алматы облысының аумағында Іле Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная