Іле Алатауы ұлттық паркінде қар барысы видеоға түсіп қалды

Іле-Алатау ұлттық саябағында қар барысын видеоға түсіру мүмкіндігі пайда болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ұлттық саябақ парақшасында жарияланған видеода жыртқыштың ағаштар арасынан өтіп бара жатқаны түсірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK (@ile_alatau_nationalpark)

О бастан ұлттық парк аумағында ирбистер мекендейтіні белгілі. Ғылыми қызметкерлер Ақсай филиалының аумағында жыртқыштың ізі қалған жерді тексеріп жатыр.

"Кейінірек ұлттық парк пен Зоология институты арасындағы ғылыми әріптестік шарты негізінде жұмыс жүргізілетін болады. Ақсай шатқалының маңында мекендейтін барысты мемлекеттік инспекторлар қорғайды. Қосымша мәлімет жарияланады", - деді парк өкілдері.