Іле-Алатау ұлттық саябағында лағымен жүрген тауешкі видеоға түсіп қалды

видео кадры

Іле-Алатау ұлттық саябағында лағымен жүрген тауешкі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Іле-Алатау ұлттық саябағында лағымен жүрген тауешкі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жануарлар қорық аумағында орнатылған фотоқақпан көмегімен суретке түсірілген.

"Мониторингтік бақылау кезінде, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында маусым-шілдеде теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте орнатылған фотоқақпанға лағымен жүрген тауешкі түсіп қалды. Ұлттық паркте жабайы жануарлардың көбеюін бақылау ұдайы жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

​Таутеке – (Capra sibirica Pallas, 1766) мекенжайы атына сай таулы-тасты жерлермен байланысты. Олар көбнесе теңіз деңгейінен 600-4000м биіктікте кездеседі. Жылма-жыл қардың түсуіне, ыстыққа, түрлі қансорғыштардың көбеюіне байланысты тау жоталарында бірде жоғары, бірде төмен түсіп, қоныстарын ауыстырып отырады.​​​​​​​

Олар мекендеген жерлеріне байланысты қазан-желтоқсан айларында күйге түсіп, алты ай буаз мерзімінен соң сәуір айының аяғы мен маусымның басында төл өргізеді. Көбнесе жалқы, кейде егіз лақтар да болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная