"Қызметін тоқтатқан туроператор". Қытайда жүрген 63 турист елге оралады

Фото: depositphotos.com

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді. Кәріпбаев шетелде жүрген барлық турист билетінде бекітілген күнге сәйкес елге қайтарылатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді. Кәріпбаев шетелде жүрген барлық турист билетінде бекітілген күнге сәйкес елге қайтарылатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

TEZ.KZ туроператоры өз қызметінің тоқтағаны туралы хабарлады. Аталған туроператор Қазақстан Республикасында кепілдік беру жүйесінің қатысушысы саналады.

Реклама
Реклама

"Биыл 23 қаңтарда министрлікке өз қызметінің тоқтағанын ресми түрде айтты. Сол күні біздің министрлік шұғыл түрде "Туристік Қамқор" және TEZ.KZ туроператорымен жиын өткізді. Министрліктің қолдауымен шетелде демалып жатқан барлық турист билетінде бекітілген күнге сәйкес уақытылы елімізге қайтарылады. Бұл жұмысты біз бастап кеттік. Қазіргі таңда 63 турист бүгін елімізге Қытай елінен келетін болады. Жалпы 250 турист шетелде демалып жатыр. Туристердің барлығы елімізге өздерінің билеттерінде көрсетілген күндері уақытылы қайтып оралады", - деп сендірді ол.

Еске салайық, бұған дейін TEZ.KZ туроператоры қызметінің мезгілсіз тоқтатылуына орай шетелдегі 300 турист елге қайтарылатыны мәлім болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная