Қызғалдақтарды жұлып, таптағандарға қандай шара қолданылады?

Әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оның ішінде Грейг қызғалдағы да бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Грейг қызғалдағын "гүл патшасы" деп бекер атамаған, осы уақытқа дейін аталған түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақтың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Қызғалдақтық бұл сорты тек Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында кездеседі.

"Отандастарымыздың әдемі суреттер жасау мақсатында, қызғалдақтарды таптау фактілері, сонымен қатар сыйлау немесе жәй ғана көңіл көтеру үшін гүлдерді жұлу фактілері жыл сайын тіркеледі. Қызғалдақтар тұқым бермей тұрып жұлынғанының нәтижесінде популяциялардың табиғи жаңаруы бұзылады, сондай-ақ өсімдіктердің таралу аймағы азаяды", - делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында.

Сурет Экология және табиғи ресурстар министрлігнен

Еске салайық, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР ҚК-нің 339-бабында өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынған түрлерін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды сақтағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені немесе жойғаны үшін Заң бұзушыға

  • 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынды;
  • түзеу жұмыстарына тартылады;
  • 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар қарастырылған;
  • Заң бұзушы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!