Қытаймен визасыз режим: рейстер саны артады

© pixabay.com/Charlottees

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді. Елдер арасындағы тасымалға сұраныстың күтілетін өсуін қанағаттандыру үшін Көлік министрлігі әуекомпаниялармен бірлесіп, рейстер санын ұлғайтуды жоспарлайды, толығырақ Tengritravel.kz тілшісінің материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді. Елдер арасындағы тасымалға сұраныстың күтілетін өсуін қанағаттандыру үшін Көлік министрлігі әуекомпаниялармен бірлесіп, рейстер санын ұлғайтуды жоспарлайды, толығырақ Tengritravel.kz тілшісінің материалында.

Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Air Astana әуекомпаниясы 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы маусымда жолаушылар ағынының өсуіне қарай Алматы – Бейжің (аптасына 6 – дан 7 – ге дейін), Астана - Бейжің (аптасына 1-ден 3-ке дейін) және Алматы - Үрімші (аптасына 2-ден 7 рейске дейін) бағыттары бойынша рейстер санын көбейтуді жоспарлап отыр .

Сонымен қатар, келесі жылы Air Astana Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду сияқты Қытай қалаларына жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, қытайлық Air LOGISTICS жүк әуекомпаниясы осы жылдың қарашасынан бастап Алматы – Сиань бағыты бойынша тұрақты жүк рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр", - делінген ААК хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай арасында аптасына жолаушыларға арналған 27 тұрақты рейс (қазақстандық 11 рейс және қытайлық 16 рейс) орындалады:

  • Алматы - Бейжің (Air Astana - аптасына 6 рейс);
  • Астана - Бейжің(Air Astana - 1 рейс);
  • Астана - Үрімші (Fly Arystan - 2 рейс, China Southern Airlines - 2 рейс);
  • Алматы - Үрімші (Air Astana - 2 рейс, China Southern Airlines - 7 рейс);
  • Алматы - Сиань (China Southern Airlines - 2 рейс);
  • Астана - Сиань - Бейжің (Air China - 2 рейс);
  • Алматы - Ханчжоу (Loong Airlines - 3 рейс).

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстан мен Қытайдың авиациялық билігі арасындағы уағдаластықтарға сәйкес, екі елдің тағайындалған әуетасымалдаушыларына аптасына 84 рейсті орындауға рұқсат етілген.

"Қазақстанның әуекомпаниялары үшін рұқсат етілген пунктер: Бейжің, Үрімші, Шанхай, Санья, Сиань, Чэнду, Хайкоу. Қытай әуекомпаниялары үшін рұқсат етілген пунктер: Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Қызылорда, Шымкент және қытай тарапының таңдауы бойынша тағы бір қала", - деп толықтырды ААК.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная