Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қытаймен уәде етілген визасыз режим неліктен әлі күнге дейін күшіне енбегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қытайлық тарап Қазақстан мен ҚХР үкіметтерінің арасындағы келісім ратификациясын күтіп отырған көрінеді. Онда екі елдің азаматтары туралы мәліметтер болады.
"Қытай жағы қазір визасыз режим іске қосылса екі жақтан да азаматтар ағыны көбейетінін түсініп отыр. Заңсыз көші-қон болдырмасы үшін, шарттардың бірі ретінде келісімді көрсеткен. Ратификацияланған жағдайда, келісімде жүзеге асырылады. Осы заң қабылданғаннан кейін визасыз режим енгізіледі", - дейді Игорь Лепеха Сенат кулуарында.
ІІМ басшысының орынбасары заң екі ел жариялағаннан кейін 10 күн өткенде күшіне енетінін айтты.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!