Қытайдың ірі әуекомпаниясы Қазақстанға тікелей рейстер ашады

pexels.com/Adrian Lang

Қытайдың Loong Airlines әуекомпаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашады. Tengritravel.kz редакциясының ресми сұранысына Азаматтық авиация комитетінен осындай жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Loong Airlines әуекомпаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашады. Tengritravel.kz редакциясының ресми сұранысына Азаматтық авиация комитетінен осындай жауап берді.

"2023 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Қытайдың Loong Airlines әуекомпаниясы екі ел арасында Ханчжоу–Алматы бағытында тұрақты рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) А320 және А321 түріндегі әуекемелерімен жүргізіледі", - дейді комитет төрағасы Талғат Ластаев.

10 миллион тұрғыны бар Ханчжоу - Қытайдың Чжэцзян провинциясының астанасы. 23 қыркүйекте бұл қалада 2023 жылғы Азия ойындары басталады.

Реклама
Реклама

Loong Airlines - 2011 жылдан бері жолаушылар тасымалымен айналысатын қытайлық әуекомпания. Оның флотында А320, А321 (жолаушылар) және Б737 (жүк) түріндегі 70 ұшағы бар. Қазіргі таңда компания 170 қаладан халықаралық және ішкі рейстер жүргізіп отыр.

Әуекомпаниясы ХІХ Азия ойындарының ресми серіктесі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама