Қысқа белдемшедегі бортсерік аяғын көтеріп, жанкүйерлерін таңғалдырды

Бельгиялық бортсерік жолаушылар орындығына аяғын көтеріп отырып, желідегі жанкүйерлерді таңғалдырды. Суретті @Cabin_crew_beauties Instagram аккаунты жариялады, онда экипаж мүшелерінің бос уақыты көрсетілген, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Суретте қыз ұшақ орындығында аяғын жоғары көтеріп, журналды оқып жатыр. Сонымен қатар, ол қысқа қара көк белдемшеден, күртешеден, ақ көйлек және мойнынорамалдан тұратын әуекомпания формасын киген.

Оқырмандар бортсеріктің сырт келбетіне сүйсінді: "Қандай сұлу қыз!", "Керемет көрініс", " Нағыз акробат!" - деп жазды олар.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!