Қырғызстанда Алматы - Ыстықкөл жолының бағыты туралы айтылды

© elements.envato.com

Қырғызстандық шенеуніктер Алматыдан Ыстықкөл көліне автожол салу үшін маршрут таңдалғанын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tazabek сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстандық шенеуніктер Алматыдан Ыстықкөл көліне автожол салу үшін маршрут таңдалғанын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tazabek сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның Көлік және коммуникация министрлігінде бағыт: Алматы - Ұзынағаш - Қастек - Қарасай - Батыр - Кемин - Ыстықкөл асуы болатынын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Жобаның мақсаты - елдің туристік әлеуетін арттыру. Қазір жол қашықтығы (Алматыдан Ыстықкөлге дейін - авт.) - 450 шақырым. Жобаның арқасында жол қысқа болады", - деді қырғыз ведомствосының өкілі Айзада Өзбекова.

Қырғыз бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Алматы - Ыстықкөл автожолын салу құны 80-90 миллион долларды құрайды. Министрліктің алдын ала болжамы бойынша, бұл бағыт Қырғызстанға 53 миллион доллар табыс әкелуі мүмкін.

"Қазіргі уақытта құқықтық скрининг аяқталды. Оны тиісті органдар мақұлдады. Жоба бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды", - деді Өзбекова.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная