Қырғызстан барлық туристер үшін ПТР-тест енгізді

1 желтоқсаннан бастап Қырғызстанға кіру үшін вакциналау мәртебесіне қарамастан теріс ПТР-тест болуы керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Қырғызстанның министрлер кабинеті мұндай шешімді Омикрон-штамның таралуына жол бермеу үшін қабылдады. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдіктер мен қырғызстандықтар республикаға кіру үшін міндетті түрде вакциналау мәртебесіне қарамастан, келу алдында коронавирусқа теріс ПТР-тест тапсыруы керек және өзімен бірге болуы қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа штамымен жұқтыру ошақтары анықталған елдердегі эпидемиологиялық жағдайды олардың тізімін ҰҚК Шекара қызметіне беру мақсатында қадағалайтын болады. Мұндай мемлекеттердің азаматтарына Қырғызстан аумағына кіруге тыйым салынады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2021 жылдың маусымынан бастап вакцина алған туристер Қырғызстанға ПТР-тест туралы анықтаманы ұсынбай кіре алды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!