Құстардың ұшаққа соғылғаннан кейінгі суреті жарияланды

Сурет Әсет Матаевтың Телеграм каналынан

Әуе саласында ұшақтардың әуеге көтерілу немесе қону сәтінде құстардың соқтығысып жататынын білеміз. Танымал журналист Әсет Матаев осындай бір жағдайдың суреттерін Telegram каналында жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әуе саласында ұшақтардың әуеге көтерілу немесе қону сәтінде құстардың соқтығысып жататынын білеміз. Танымал журналист Әсет Матаев осындай бір жағдайдың суреттерін Telegram каналында жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Бүгін таңда Астананың ұшу-қону алаңына қонбақ болған лайнерге 500-400 футта үлкен үш құс тобы соқтығысқан. Air Astana", - деп жазды Әсет Матаев.

Оның айтуынша, ұшақ алыс сапарға арналған және орындықтары да көп.

Реклама
Реклама

"Ұшақ 2022 жылғы. AerCap компаниясынан лизингке алынған. Эйрбас 321 Лонг Рэндж модификациясы. Ұзақ сапарларға ұшуға арналған. Онда көп жапа шеккен Pratt&Whitney қозғалтқыштары тұр.

Бірнеше күн бұрын Ташкентте қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты ұшақ қайтарылған, міне енді құстармен болған жағдай. Мамандардың айтуынша бұл Эйр Астананың рейстеріне әсер етуі мүмкін", - дейді ол.

Редакция тілшісі Air Astana баспасөз қызметіне хабарласып, пікір білдіруін сұрады.

"Бұл мәліметті растаймыз. Рейс бүгін Ыстамбұл-Астана бағытында орындалды. Ұшақ Қазақстан астанасына сәтті қонды. Тексеру кезінде құстармен соқтығысу анықталды", - дейді компания өкілдері.

Сондай-ақ әуекомпания өкілдері тексеру кезінде түсірілген суреттерді жіберді.

Айта кетейік, Аir Astana әуекомпаниясының баспасөз орталығы 2023 жылдың 17 қыркүйегінде А320 ұшағымен Алматы - Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсін орындаған кезде қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты ұшақ ұшып шығу әуежайына оралғанын хабарлаған еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная