Құбыжықтың тілі, маралдар және "қос батыр". Бұйратау ұлттық саябағы туристерді несімен қызықтырады?

Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы туристерді сұлу табиғатымен және ерекше жануарлар әлемімен қызықтырады, мұнда асыл тұқымды бұғы-маралдар өсіріледі. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы табиғи қорықтың туристерді несімен таңғалдыратыны жайлы баяндайды.

Бұйратау - Ерейментау мен Сұңқар тауларының аумағында, Нұр-Сұлтаннан жүз шақырым солтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан табиғи саябақ. Жергілікті тұрғындар саябақтың атауы таң атып, кеш батқанда күннің тау бөктеріне бойлап өскен орманға түсіретін сәулесінің әсерінен тау жоталарына бұйра көлеңкелер түсуімен байланыстырады.

Сурет google.maps сайтынан

Бұйратау бірқатар тарихи-мәдени орындары мен табиғи байлығымен көз тартады. Саябақ Орталық Қазақстан таулы аймағында орналасқан, ал оның аумағы тау бөктеріндегі далалар, шатқалдар, аңғарлар, тік жартасты беткейлер және қазақтың дәстүрлі биік тауларын бейнелейтін терең шатқалдардан тұрады. Саябақ жақында ғана (2011 жылдың наурызында) таза табиғатты сақтау мақсатында құрылды, себебі, қазіргі таңда экожүйенің бұл түрі Қазақстанда ең аз қорғалатын болған.

Сурет gnpp-buiratau.kz сайтынан

Ең қызықтысы, саябақтың шағын аумағында қола дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі Қазақстан тарихының бірнеше мыңжылдығы, соның ішінде Қазақстандағы түркі тас мүсіндерінің ең ірі кешендерінің бірі – Құмай кешені бар. Бұл мүсіндер Меркедегі балбалдарға өте ұқсас болып келеді. Тас мүсіндер, әдетте, шығыс жағындағы тас қорымдардың шетінде орналасқан. Мүсіндер сол қолында қылыш, ал оң жағында суы бар ыдыс ұстаған ұлттық қаһармандарды бейнелеген.

Саябақта сіз мамыражай жайылып жүрген арқарлар мен маралдарды көре аласыз, ал дала суырлары індерінен шығып, саяхатшыларға қызығушылықпен қарайды.

Табиғи саябақта төрт негізгі туристік бағыт белгіленген - "Белодымовск", "Қарағайлы", "Жаушоқы" және "Жаушоқы-2".

@alimbek_ulan

"Белодымовск" туры көбінесе туристік-экскурсиялық бағытты қамтиды, бұл жаяу жүргіншілер мен автокөліктер саяхатын құрайды, ол мынадай бағыттар бойынша жүреді: Белодымовск - Ажбай көлі - Бозайғыр көлі - Қарағаш бұлағы - Айғайсай - Ақдым тауының аумағы - "Белодымовск жазғы үйі" кордоны .

Оның жалпы ұзындығы - 32 шақырым, жол жүру уақыты - алты сағатқа жуық.

Ең қолайлы уақыт - мамырдан қыркүйекке дейін.

Туристік бағыт гидтің болғанын талап етеді, экскурсия кезінде көлде демалып, балық аулау қарастырылған. Көлден кейін туристер Қарағаш бұлағына барады. Мұнда сіз түскі ас ішкен соң, ары қарай құлпынай мен емдік шөптер өсетін Айғайсайға баруға болады.

Әрі қарай жол Ақдым тауына жалғасады, мұнда сіз тау арқарларының кербездігі мен сұлулығына тамсана аласыз. Ақдым – бұл жануарлардың сүйікті мекені. Арқарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және саябақтың ерекше қорғалатын нысаны болып табылады.

Сурет gnpp-buiratau.kz сайтынан

Ақдым шыңы - таудың ең биік нүктесі (теңіз деңгейінен 901 метр). Шың басына күн ашық уақытта да бұл жиналады. Оның тік жартасында арша, ұсақ қайыңдар мен итмұрын өседі, бұлар қыста арқарларға азық болады.

Туристік бағыт кеңес уақытында партия қызметкерлерінің демалатын және аң аулайтын сүйікті орны болған "Белодымовск жазғы үйі" кордонында аяқталады. Мұнда сіз демалып, асыл тұқымды маралдарды көре аласыз, олар арнайы қоршауларда өсіріледі. Бір кездері мұнда марал табиғи ортада өмір сүрген екен. Бірақ XIX ғасырдың аяғында олар толығымен жойылған. Қазір маралдар жабық қоршауларда өсіріледі, кейінірек оларды ұлттық саябақ қызметкерлері сыртқа шығарады.

Қызықты дерек

Саябақтың Бозайғыр және Ажбай көлдерінде құстарды бақылау пункттері құрылған. Ағаш үйлер құстарды бақылаушыларға, орнитологтарға және қарапайым туристерге арнап салынған, өйткені сіз мұнда көптеген құс түрін тамашалай аласыз, оның ішінде Қызыл кітаптың 17 өкілі бар, олардың жетеуі саябақта ұя салады, қалғандары көші-қон кезінде көрінеді.

Мұнда бүркіт, аққу, байғыз, тырна, балабан, үкі және кішкентай дала құстары ұя салады. Мұндай арнайы үйлер құстарды бақылауға ыңғайлы, олар бақылаушыны көрсетпейді, ал құстар адамдардан қорықпай өте жақын жүре береді.

"Қарағайлы" туры маусымдық болып саналады, оған велосипедпен, атпен және автокөлікпен серуендеу кіреді, мына бағыттар бойынша өтеді: Қарағайлы ауылы - Кедей өзені - Қарағайлы археологиялық ескерткіштері (олар төрт жерде орналасқан) - "Қос батыр" археологиялық ескерткіші.

Бағыттың ұзындығы шамамен 31 шақырым, жол жүру уақыты - төрт сағат.

Ең қолайлы уақыт – мамырдан қазанға дейін. Бұл бағытқа да гидпен бару тиімді.

Бағыт Кедей өзені ағатын Қарағайлы ауылының маңынан басталады. Өзеннің атауы суының аздығынан болса керек.

Осы өзеннен шамамен бір жарым шақырым жерде Қарағайлының археологиялық ескерткіштері орналасқан, олар қола дәуіріне жатады. Қазба жұмыстары кезінде мұнда бала сүйегі табылған, оның жасы 7-ден 13 жасқа дейін болуы мүмкін. Оның оң қолында пышақ, шам және үзеңгі болған. Бір қызығы, жерлеу рәсімі исламға дейінгі дәуірде шаманизм дәстүрімен орындалған. Әрі қарай туристер басқа ежелгі ескерткіштерді тамашалауға және Кедей өзені маңындағы Қарағайлы ауылының жанындағы алқапқа демалу үшін келеді.

Сурет gnpp-buiratau.kz сайтынан

Қызықты дерек

Табиғи саябақтың аумағында сіз атақты сақтардың "мұртты" қорғандарын, ежелгі тас мүсіндер-балбалталарын (шамамен б.з. V-IIX ғғ.), сондай-ақ қола дәуірінің көптеген қорымдарын көре аласыз, бұл ата-бабалар тарихын танып-білуге, олардың наным-сенімдері, мәдениеті мен бейнесі туралы білуге ​​мүмкіндік береді.

"Жаушоқы-1" туры тек автокөлікпен жүруге арналған, ол мына бағыттар бойынша өтеді: Қарағайлы ауылы - Кедей өзені - Әулие Бұлақ бұлағы - Жаушоқы тауы.

Бағыттың ұзындығы шамамен 28 шақырымды құрайды, жол жүру уақыты 3,5 сағатты құрайды.

Ең қолайлы уақыт – мамырдан қыркүйекке дейін.  Бұл бағытқа да гидпен бару тиімді. 

Экскурсия Қарағайлы ауылынан басталып, саябақтың жапырақты және қарағайлы ормандары арқылы өтеді. Бағыттың басты көрікті жері - Әулие Бұлақ бұлағы, бұл "қасиетті бұлақ" дегенді білдіреді, оның суы жыл бойы, тіпті қыста да қатпайды. Осы шипалы бұлақтың суы көп жылдар бойы тауда ерекше шатқал құрған, сондай-ақ, әдемі суреттер түсірушілерге таптырмас жер. Бұлақ жартастар арасымен қарағайлы орман арқылы ағады, жағалауы тасты, биік өткелді болып келеді.

Сурет gnpp-buiratau.kz сайтынан

Мұнда туристер салқын судың бойында демалады. Бұлақтан алыс емес жерде аңғардан 420 метр биіктікке көтерілген Жаушоқы тауы бар, мұнда барлығы 16 тау тізбегі орналасқан. Үштас тауы (немесе үш тас) теңіз деңгейінен 407 метр биіктікте орналасқан.

Таулардың пішіні киіз үйге ұқсайды, жергілікті тұрғындар оларды Үш би деп атайды, тастарды Әйтеке би, Төле би және Қазыбек би сияқты тарихи тұлғалармен байланыстырады. Таудың жанында демалып, табиғатпен қарым-қатынас жасағаннан кейін туристер бағыттың бастапқы нүктесіне оралады.

"Жаушоқы-2" экскурсиясы саябақты автомобильмен саяхаттауды ұсынады, ол мына бағыттар бойынша өтеді: Балықты ауылы - Жаушоқы шоқысы - Қарағайлы ауылы – "Қос батыр" археологиялық ескерткіші - Балықты ауылы.

Бағыттың ұзындығы 40 шақырымды құрайды, жол жүру уақыты 4 сағатты құрайды.

Ең  қолайлы уақыт - мамырдан қазанға дейін. Бағыт гидтің қатысуымен өтеді.

Экскурсия Балықты ауылының маңынан басталады, содан кейін саяхатшылар дамбы салынған көлді тамашалауға барады. Содан кейін бағыт бүкіл Жаушоқы таулы аймағына жол ашады, оның биіктігі шамамен 460 метр, ол маршруттың бастапқы нүктесінен бес шақырымға созылады.

Қос батыр ескерткіші, сурет gnpp-buiratau.kz сайтынан

Сонымен қатар бағыт бойында қола дәуірінен қалған қорымдар мен ескерткіштер бар. Жаушоқы тауынан 12 шақырым қашықтықта "қос батырды" бейнелеген Қос батыр түркі дәуірінің ескерткішін көруге болады. Бұл археологиялық орын тас тақтайшалардан жасалған ғұрыптық дуалдармен қоршалған; бір қоршауда түркі тайпалары көсемінің құрметіне тас мүсін ойылған. Қоршаулардың ішкі аумағы қиыршық таспен толтырылған. Кешен алыс түркі дәуірінде туған жерін қорғаған аңызға айналған батырларды еске алу мақсатында салынған.

Бұрынғылардың айтуынша, бұл кербез құстар Сұңқар тауларының ең биік нүктесі - Жаушоқы тауында ұя салған. Желдің, жаңбырдың, ыстықтың және аяздың әсерінен таулар ерекше, тіпті ертегідегідей көрініс  тудырады, таулардың бірі суырға, екіншісі үлкен саңырауқұлаққа ұқсайды.

@dinarasatzhan

Тау беткейлерінің бірінде "құбыжықтың тілі" деп аталған  ұзын тас үйінді бар, оны халық арасында "сұңқардың тұмсығы" деп те атайды.

Бұл жерге альпинистер жиі келіп, осы экстремалды спорт түрінен жарыстар ұйымдастырады. Бұл жерден тіпті қасқырларды да кездестіруге болады, сондықтан барынша абай болған жөн.


Әулие бұлақ, @yasselek

Қалай жетуге болады

Саябақ Қарағанды ​​облысының Осакаров ауданында орналасқан.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.