Куала-Лумпур мен Бангкоктан Қазақстанға рейстер ашу жоспарланып отыр

Малайзиялық Air Asia Aviation Group компаниялар тобының өкілдері Куала-Лумпур мен Бангкоктан Қазақстанға рейстерді іске қосу жоспарын растады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде рейстер Куала-Лумпурдан Air Asia Х әуекомпаниясымен және Бангкоктан Thai Air Asia Х әуекомпаниясымен Алматыға ұшырылады. Әр бағыт бойынша аптасына төрт рет ұшуды жүзеге асыру жоспарланған. Екінші кезең аптасына үш рейс жиілігімен Астанаға рейстерді іске қосады.

Сондай-ақ, AirAsia әуекомпаниясы Қазақстан аумағында "виртуалды хаб" құруды және Ыстамбұлға (Түркия), Парижге (Франция), Франкфуртқа (Германия), Лондонға (Ұлыбритания) "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесімен ұшуларды орындауды жоспарлап отыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!