ҚТЖ өкілдері пойыз вагондары қашан жаңаратыны туралы айтты

Фото Tengrinews.kz

Желіде елдегі вагондар сапасына ара-тұра шағым түсіп жатады. 2024 жылы ескі вагондар жаңаруын күтеміз бе? ҚТЖ баспасөз қызметінің өкілдері Tengritravel.kz редакциясының сауалына жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде елдегі вагондар сапасына ара-тұра шағым түсіп жатады. 2024 жылы ескі вагондар жаңаруын күтеміз бе? ҚТЖ баспасөз қызметінің өкілдері Tengritravel.kz редакциясының сауалына жауап берді.

Компания мәліметінше, қазіргі уақытта Ұлттықтасымалдаушының вагон паркінде 2,1 мың бірлік бар, оның 1,3 мың - стандартты вагондар, 730-ы - Тальго және 100-ден астамы электро-дизельдік пойыздардың вагоны. Олардың орташа жасы - 17 жыл. Парктің орташа тозу деңгейі 44 пайыз.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметінің өкілдері 2023 жылы отандық өнімдегі 94 вагон сатып алынғанын еске салды, олар Маңғыстау - Атырау, Ақтөбе - Атырау және Павлодар - Түркістан бағытында қатынайды.

"2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық өнімдегі тағы 62 вагон рейске шығады. 2025 жылдан 2030 жылға дейін Stadler компаниясының 537 вагонын сатып алу жоспарланған, осылайша 2030 жылға қарай парктің орташа жасы 13 жылға қысқарады", - дейді компания өкілдері.

Ұлттықтасымалдаушы жылына орташа есеппен 13,5 миллион жолаушыны тасымалдайды. Қазақстандықтар арасында ең танымал бағыттар: Астана - Алматы, Астана - Шымкент, Алматы - Шымкент, Астана - Семей және Алматы - Семей.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная