Қостанай облысында зоолог Алексей Тимошенко жылан жеген бүркітті видеоға түсірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Кадрларда жыланды ашкөздікпен жұтатын бүркітті көруге болады. Ролик екі күнде 7 500-ден астам рет қаралды. Видеоны табиғат туралы Tabigat Media онлайн-басылымы жариялады.
Басылымның мәліметінше, видеодағы құс - Қызыл кітапқа енген бүркіттің балапаны. Әдетте олар кеміргіштермен қоректенеді, кейде құстарды ұстайды, бірақ бауырмен жорғалаушыларды сирек аулайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Планетаның барлық дала қыранының 85 пайызға жуығы Қазақстанда дүниеге келеді. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, дала бүркіті – дала және шөлейт ландшафттарға тән ірі қауырсынды жыртқыш. Бұл түр дала мен солтүстік шөлдердің экожүйелері жағдайының ең жақсы көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Дала бүркіті өзгерістерге өте сезімтал және азық-түлік базасы төмен жерлерде немесе апатты бұзылулар бар және алаңдаушылық факторы жоғары жерлерде ұя салмайды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!