Фото: Kstnews.kz

Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді


Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің жаңа қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін", - делінген құжат мәтінінде.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

Қаңтар ма, қыркүйек пе - Ахмет Байтұрсыновтың туған күні қашан?

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Пікір жазыңыз

Осыған ұқсас мақалалар

Алматыдан Атырауға шыққан ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп қалды
Авиация саласында кадр тапшы - сарапшылар
Қазақстан Google Maps-тегі жұмбақ орындардың тізіміне енді