Коронавирустан соң қалпына келу. Қазақстандағы саумал-терапиясы бар ең жақсы 14 орын


Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Ол емдік қасиеттерге бай, бұл сусын жеңіл сіңетіні үшін қадірленеді, ал біреулер оны "коронавирусқа қарсы бірден бір ем" деп атайды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Қазақстандағы ең дәмді саумалды қай жерден ішуге болатынын айтады.

Саумал – 15-20 минут ішінде қышқылданып, емдік қасиетін жоғалтатын жаңа сауылған, әлі ашымаған қымыз. Бұл сусын ағзаның бактериялар мен вирустарға қарсы тұру қабілетін күшейтетін альбумин мен қышқылдардың әсерінен емдік қасиеті мол.

Мамандар саумалды дәрумендер көзі деп атайды, ол ешкі сүтінен кейінгі микроэлементтері бойынша ана сүтіне жақын деп есептейді. Саумал туберкулезге, асқазан-ішек жолдарының ауруларына, бауыр ауруларына, оның ішінде гепатитке таптырмас ем деп саналады. Саумалды пневмониядан жазылу үшін де ішеді.

Бұл сусын жыл өткен сайын танымал болып келеді. Оның бағасы литріне 1000 теңгені құрайды. Бірақ бұл жаңа сауылған сүт үшін кезекке тұратындар санын азайтпайды, себебі, саумалдың мөлшері аз, әрі бәріне бірдей жете бермейді. Сонымен қатар, оны кейін пайдалану үшін жинау бос әуре, сүт үш сағаттан кейін пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан саумал ұнататындардың көбі ағзаны тазартатын сусынды ішу үшін арнайы курорттарға барады. Саумалды рахаттана ішіп, пайдасын сезіну үшін саяхаттауға болатын ең жақсы жерлер жайлы баяндаймыз.

Кызылсуат, Ақмола облысы

Пандемия басталғалы бері Ақмола облысына қарасты Қызылсуат ауылына өкпе мен жалпы ағзаның саулығын нығайту үшін күн сайын ондаған адам келеді. Бұл ауылда жаңа сауылған бие сүтінің 100 миллилитрі 100 теңге тұрады. Тиісінше, емдік сусынның бір литрін 1000 теңгеге сатып алуға болады. Мұнда саумалдан бөлек, қымыз, шұбат, айран және басқа да ашытылған сүт өнімдері сатылады. 

Елдімекен елордадан бір-екі шақырым жерде орналасқан. Нұр-Сұлтаннан Қызылсуат ауылына дейін және кері қарай автобуспен қатынауға болады.

"Саумал-Қарқара" жеті күндік туры

Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТА) саумал ішушілерге Орталық Тянь-Шань тауларының көрінісін тамашалай отырып, жеті күндік терапиядан өтуді ұсынады. Туристерді Қарқара өзені мен Елік Таң қылқан жапырақты орманының арасындағы Шар Құдық трассасында орналасқан Қарқара тау лагерінде "Саумал-Қарқара" бағдарламасынан өтуге шақырады. Саумал терапиясы күніне кем дегенде бір литр сусынды ішуді талап етеді. Демалушыларды күніне төрт рет таза ауада жүруге, күніне 10 000 қадамға дейін жаяу серуендеуге шақырады. Саяхатты ұйымдастырушылар саумалды қолдану көрсеткіштерінің қатарына сарқылу, созылмалы шаршау, гормоналды деңгейдің тұрақсыздануы, өкпе және асқазан жүйесі аурулары, бауыр, тері аурулары, сондай-ақ, қатерлі ісікке қарсы ем ретінде атайды.

Шонжыдағы ыстық бұлақтарындағы саумал

Шонжыдағы ыстық бұлақтар Қазақстандағы жергілікті және шетелдік туристер арасында ең танымал. Шонжы ауылы аймағында 140-қа жуық ыстық бұлақ бар. Термалды минералды бұлақтар Шонжы ыстық көздері сияқты жылы (температурасы 20-37 градус), ыстық (37-50 градус) және өте ыстық (50-100 градус) болып бөлінеді. Маусым күздің күрт суытуынан басталып, мамыр айының ортасында аяқталады.

Саумал мұнда, атап айтқанда, Al Rais қонақүйінде ұсынылады. Атап өткендей, демалыс орталығында жеке сауын биелері бар. "Жетісу" курорттық шипажайына да күн сайын өз шаруашылығынан саумал, қымыз, шұбат жеткізіледі.

© shutterstock

Алматы маңындағы демалыс орындары

"Абылай хан" демалыс аймағы Алматы-Табаған тас жолының 23-ші шақырымында орналасқан. Мұнда ыңғайлы бөлмелер бар, ағаш үйлерде және киізүйлерде тұруға болады. Келушілер атқа мініп серуендей алады.

"У Михалыча" ірі шаруа қожалығының тау бөктерінде жайылып жүрген 180 сауын биесі бар. Мұнда сүт жаңа сауылғаннан кейін 10-15 минут ішінде күніне бес рет ішу ұсынылады. Биелер арнайы жабдықталған орын – сауын сарайында сауылады. Келушілер сауықтыру курсынан өтеді, сонымен қатар бассейнде жүзгенді, атқа мінуді және балық аулауды ұнатады.


Сурет umihalyicha.kz сайтынан

Ал Алматыдағы "Саумалы перзент" медициналық орталығында саумал құқығына негізделген сауықтыру шараларын қала ішінде өткізуді ұсынады. Емдеу курсы - 10-14 күн. Төрт жатын орны бар бір бөлмелі нөмірлер бар. Сондай-ақ, екі адамға арналған люкс те бар. Күніне үш мезгіл тамақ және тамақ алдында төрт рет саумал ішу ұсынылады. Орталық Алматының Наурызбай ауданындағы Абай саяжайлары деп аталатын аумақта орналасқан.

Саумал-терапиямен айналысатын тағы бір демалыс орны "Saumal Deluxe" Алматыдан жеті шақырым жерде, Алатаудың баурайында, Белбұлақ ауылында орналасқан. Мұнда терапияның ең аз курсы - 10 күн, бірақ бір айға келу ұсынылады. Келушілерге саумал мен қымыз, атқа міну ұсынылады. Саумалды созылмалы ауруларды, аллергияны емдеуде ішуге кеңес беріледі, сонымен қатар, бұл сусын қартаю процесін баяулатады деген де болжам бар.

Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы

Пандемия кезінде Жаңаарқа өңірінің жастары қайырымдылық науқанын ұйымдастырып, еріктілер Қарағанды облысын аралап, жергілікті ауылдардан саумал жинады. Одан соң жастар Қарағанды мен Қарағанды облысының ауруханаларына емдік сусынды жеткізіп берді. Жаңа сауылған бие сүтін қабылдағаннан кейін науқастардың өздерін әлдеқайда жақсы сезінгені айтылады.

Ал жақын маңда Қарағанды облысының Осакаров ауданында саумал өнімдерін шығаратын ірі зауыттардың бірі орналасқан. 

Саумал және радон

Радон көздерімен танымал "Меркі" санаторийі Меркі қаласынан 12 шақырым жерде Қырғыз Алатауының Меркі шатқалында теңіз деңгейінен 750 метр биіктікте орналасқан. Мұнда, Меркі өзенінің жағасында науқастарға арналған 500 орынды тұрғын үйлер мен емдеу ғимараттары бар. Мұнда жыл сайын радонмен емделуге келуге болады. Қысы жылы, жаздаа аптап ыстық жоқ. Мұнда адамдар тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, зат алмасу, сондай-ақ, басқа да ауруларды емдеу үшін келеді. Радон ванналар, суарулар, ингаляциялар түрінде, ішу үшін және емдік бассейнінде қолданылады. Бұған қоса, ол инемен емдеуді қоса алғанда, басқа да дәстүрлі және дәстүрлі емес емнің кең түрін ұсынады.

Сурет merke-radon.kz сайтынан

Жеті күнге созылатын "Saumal-терапия" курсы аясында келушілерді өз биелерінің саумалымен емдейді. Атап өткендей, саумал асқазанды қалыпқа келтіреді, гастритпен ауыратын адамдарға, сондай-ақ, бауыр ауруларына таптырмас ем.

Саумал және пантотерапия

"Saur Tau Eco Resort" демалыс базасы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан 24 шақырым жерде теңіз деңгейінен 1300 метр биіктікте орналасқан. Мұнда Еуропа мен АҚШ-тан келген туристер, сонымен қатар жергілікті тұрғындар демалады. Демалыс орталығы 260 мың гектардан астам аумақты алып жатқан Зайсан аңшылық шаруашылығының аумағында орналасқан (мұндай аумақтарды Люксембург және Самоа сияқты елдермен салыстыруға болады).

Саумалмен танымал тағы бір орын ол - Катонқарағай ауылы. Мұнда орналасқан "Жанат" кешені 1998 жылдан бері жұмыс істейді және пантотерапия саласын қамтиды. Мың бас маралға арналған жеке асыл тұқымды марал шаруашылығы бар. Кешеннің ерекшелігі – тұрғын үй бөлмелері, емдеу ғимараттары, мейрамхана, марал өсіру фермасы және жылқы фермасы бір-біріне жақын орналасқан. Марал мүйізін кесуді жеке тамашалауға мүмкіндік бар. Сіз сондай-ақ, әсем табиғатта атпен серуендеуге және маралдардың жабайы мекендеу орындарында серуендеуге болады.


© shutterstock

Дәстүрлі саумал терапиясынан басқа кешенде бие сүтінен ванна қабылдауға болады. Бие сүтінің қышқылдық-негіздік тепе-теңдігі іс жүзінде адам терісінің рН-на тең екені анықталды. Осы себепті бие сүті ең құрғақ және ең сезімтал теріге де күтім жасауға жарамды және нейродермит пен псориаз сияқты ауруларды емдеуде қолданылады.

Шипажай Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында, Үшбұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай бес жарым шақырым жерде орналасқан. Өскеменнен қашықтығы – 360 шақырым.

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.





Осыған ұқсас мақалалар

Балықтармен би билеп, киттерді тамашалауға болады. Филиппин мемлекетінің ең жақсы курорттары жайлы Балықтармен би билеп, киттерді тамашалауға болады. Филиппин мемлекетінің ең жақсы курорттары жайлы
Қазақстандықтарды Мысырдан шығару күндері аталды Қазақстандықтарды Мысырдан шығару күндері аталды
Қырғызстан барлық туристер үшін ПТР-тест енгізді Қырғызстан барлық туристер үшін ПТР-тест енгізді