Коронавирус мутациялануын жалғастырады - ДДҰ

© elements.envato.com

Дүние жүзінде коронавирустың жаңа мутациялары пайда болады. Мұндай болжамды ДДҰ жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінде коронавирустың жаңа мутациялары пайда болады. Мұндай болжамды ДДҰ жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мутация - қалыпты процесс. Ол вирусқа қатты әсер етпейді, алайда бізге ол нұсқаларды да қарастыру керек", - деді ұйымның төтенше жағдайлар бөлімшесінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове.

Реклама
Реклама

Ұйым өкілі ДДҰ бұл мәселеге қатысты дүние жүзіндегі ғалымдармен бірлесіп жұмыс істейтінін айтты. 

Ал ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус 2021 жылы коронавирустың жаңа түрлері пайда болатынын, сондықтан әлем елдері вирустың жаңа штамдары туралы ақпаратты ДДҰ-ға хабарлап отыруға шақырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная