Қорғалжын қорығында мыңдаған қоқиқаз видеоға түсірілді

Қорғалжын қорығындағы Саумалкөл көлінде 5000-ға жуық қоқиқаз видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Қауымдастықтың мәліметінше, қоқиқаздан басқа, видеода Қазақстанның Қызыл кітабындағы басқа да құстарды - аққу мен ақбас үйректерді көруге болады. Сонымен қатар, жағада камераға түспей қалған 500-ге жуық тырналар байқалды.

Жылдың осы уақытында тоғандағы құстардың әртүрлілігі жыл сайын атап өтіледі.

"Көктемде көлде еріген су көп, ал жаздың ортасына қарай су деңгейі төмендейді, көлде үйрек, құмсалғыш, сондай-ақ қоқиқаздың түрлері жиналады. Таяз көлдердегі су жақсы жылынып, балдырлар тез көбейеді, бұл көші-қон басталғанға дейін олармен қоректенетін және күш алатын құстарды тартады", - деп түсіндірді қауымдастықтағылар.

Реклама
Реклама

Видео: Александр Путилин

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!