Ата-анасына әлемді көрсетуді армандамайтын адам жоқ шығар?! Жақын адамдарыңа жарқын эмоция сыйлаудан қымбат ештеңе жоқ. Әлеуметтік желілерде әкесінің арманын орындаған қазақстандықтың әсерлі оқиғасы көпшілікті тәнті етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Видео 1,2 миллион қаралым жинады. Онда Баден есімді желі қолданушысы 63 жастағы әкесінің алғашқы саяхатын көрсетті. Бойжеткеннің айтуынша, оның әкесі осы сапарды асыға күтіп, алдын ала дайындалды.
@badenbatyr_ Посмотрите видео с первого путешествия моего папы. Он мечтал увидеть поющие фонтаны Дубая, туда мы и полетели. Жизнь у нас одна, поэтому смотрите мир и показывайте его своим родителям #путешествия #отдых #отпуск #папа #дубай #travel #рек #рекомендации #fyp #tranding #travel #dadsoftiktok #foryoupage ♬ Austin - Dasha
Желі қолданушылары Баденнің әрекетіне сүйсініп, бойжеткенге қолдау білдірді.
"Менің әкем 65 жаста, ол да биыл бірінші рет шетелге барады", "Бұл сондай керемет"," Мен әкеңіз үшін өте қуаныштымын", "Жер бетіндегі әр адамның армандарын орындауға мүмкіндігі болсыншы", "Менің әкем болмаса да, мен ол үшін өте қуаныштымын","Әкең екеуіңіз жарадыңыздар!", "Мен, тіпті, жылап жібердім", "Мен сіздерге қызығып отырмын! Әкем тірі болса, мен бүкіл әлемді шарлатар едім!", - деп жазады оқырмандар.
Сұхбат барысында Баден ата-анасы Архангельск ауылында тұратынын атап өтті. Өткен жылы бойжеткен анасына Ыстамбұлға жолдама сыйлады. Ал бұл жолы әкесіне Дубайды көрсетпек болды.
"Әкемнің өзі Дубайға ұшқысы келді. Өйткені ол ән салатын субұрқақты көргісі келді. Субұрқақтарға бірнеше рет бардық. Әкем бір кеште оны 3-4 рет тамашалады. Оған сапарымыз қатты ұнады. Әкем Дубайдың сұлулығына тәнті болды және қайта барғысы келетінін жасырмады", - деді ол.
Олар болашақ мұражайына, Дубай жақтауына, пальма аралдарына барып, қаланың басқа да көрнекі жерлерін тамашалады.
"Олар бұрын саяхатқа қызығушылық танытпайтын, бірақ қазір олар алдағы сапарларын өздері жоспарлап отыр. Мен өте қуаныштымын", - деп түйіндеді қазақстандық.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!