Қонақүйлер туристер арасында танымал қалаларда бағаны көтерді - зерттеу

Коронавирустың салдарынан әлемде енгізілген шектеулердің әлсіреуі танымал туристік орындардағы қонақүйлерге деген сұраныстың жүздеген пайызға артуына әкеп соқты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тravel Daily Media сайтына сілтеме жасап.

Бұған Buy Now Pay Later (BNPL) төлем қызметі және Butter туристік агентінің жүргізген зерттеу нәтижелері дәлел бола алады.

"Бағалар барынша қымбаттаған жерлерде елге де, одан тыс жерлерге де сапар шегуге шектеулер де жеңілдегені анық. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Португалия әлемге бизнес үшін ашық екенін айтты. Ал Австралия, Оңтүстік Африка Республикасы және Сингапур ашуға мұқият қарады және сапарға белгілі бір тыйым салды немесе бас тартты", - дейді Butter компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Тимоти Дэвис.

Мысалы, Нью-Йоркте (АҚШ) нөмірлерге сұраныстың 361 пайызға артуы мегаполистегі қонақүй бағасының 28 пайызға өсуіне әсер етті. Нью-Йорк қонақүйінде немесе басқа жерде түнеу орташа есеппен 220 фунт стерлинг (шамамен 128 937 теңге) тұрады.

Мадридтегі (Испания) қонақүй бөлмелеріне сұраныстың өсуі 409 пайызды құрады және бағаны 24 пайызға көтеруге мәжбүр етті. Бір түнге құны орташа есеппен 123 фунт стерлинг (шамамен 72 087 теңге).

Лондонда (Ұлыбритания) тұру құны 23 пайызға көтерілді және сұраныстың 220 пайызға өсуіне байланысты бір түнде 154 фунт стерлингті (шамамен 90 256 теңге) құрады.

Римде (Италия) сұраныс 193 пайызға артқаннан кейін бағалар бір түн ішінде 23 пайызға 117 фунт стерлингке дейін (шамамен 68 571 теңге) қымбаттады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!