Көлсай және Қайыңды көлдерінде демалысты қалай тиімді өткізуге болады?

Көлсай мен Қайыңды көлдері қазақстандықтардың сүйіп баратын, ең танымал көрікті орындарының біріне айналғалы қашан. Бұл әдемі орындар жыл он екі ай әсемдігімен көз тартып, көңіл қуантады. Kaz.tengritravel.kz порталы "Zhetysu Travel"-мен осы жақтарда демалысыңызды қалай тиімді өткізуге болатыны туралы баяндайды.

Туристердің көп баратын уақытына түспеуге тырысыңыз

Жыл мезгіліне қарамастан, бұл әсем табиғи жер қазақстандықтардың арасында өте танымал, онда демалыс күндері туристер өте көп болады. Сондықтан сапарыңызды жұмыс күндеріне және түнеуге қалатындай етіп жоспарлаған дұрыс. Жұмыс күндері туристер саны аз болғандықтан, барынша еркін серуендеп, әсем табиғатты толыққанды сезініп, демала аласыз.


Фото © Әлішер Ахметов

Не Көлсайға, не Қайыңдыға барыңыз

Көлсай мен Қайыңды көлдері Алматыдан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Бір жаққа сапар бес сағатқа дейін созылуы мүмкін және сізге кері қайту керек. Уақыттың көбі жолға кететіндіктен ол жерде асықпай серуендеуге көп мүмкіндік  болмайды. Сондықтан нақты біреуіне ғана, дұрысы түнеуге барған жөн. Сонда төменгі Көлсайда катамаранмен серуендеп, тауларды тамашалап, атқа мінуге сізде уақыт жеткілікті болады. Ал екі көлдің арасындағы жол шамамен үш сағатқа созылады, бірақ бұл соған тұрарлық.

Демалу үшін сыйымдылығы алты адамға дейінгі киіз үйлерді брондауға болады, құны жұмыс күндері 20 мың теңгеден, демалыс және мереке күндері 30 000 және одан да жоғары болады. Сонымен қатар, қонақүйлерде де тұруға болады, қонақүй дегеніміз - шын мәнінде, Саты немесе Қарабұлақ ауылындағы жергілікті тұрғынның үйі. Құны алты мың теңгеден басталады.


Фото © Әлішер Ахметов

Ұшаққа арналған жастықша алуды ұмытпаңыз

Автобуспен саяхаттау - бұл көрікті жерлерге барудың ең тиімді жолы. Дегенмен, бұл жол жоғарыда айтылғандай ұзақ уақытты алады. Сондықтан, әуе кемесіндегідей мүмкіндігінше, өз жайлылығыңызды қамтамасыз еткен жөн. Өзіңізбен бірге ұшақ жастықшасын, көрпе, ұйқыға арналған маска және құлаққап алып жүріңіз. Егер сіз автобуста біреумен сөйлесуді жоспарламасаңыз, фильм көру үшін планшет немесе смартфон алып, құлаққап киіп алыңыз. Фильм қарауға уақыт жеткілікті болады әрі жол қысқарады.

Кешігіп қалмаңыз

Кез келген топтық туристік сапардағыдай, ең үлкен мәселенің бірі - санитарлық-тұрмыстық нысандарда кідіріп қалатын немесе кешігіп жүретін саяхатшылар. Жолсеріктеріңізді құрметтеп, қабылдау орнына уақытында келіңіз, күттірмеңіз. Сапар тиімді ұйымдастырылған уақытта аялдамалар алдын ала жоспарланады және сізге жолай дүкенге соғып, бой жазып алуға мүмкіндік әрдайым болады.

Қоқыс салатын дорбалар мен санитарлық қажетті заттарды алып жүріңіз

Табиғи көрікті жерлеріміздегі өзекті мәселе - келушілердің қоқыс тастап кетуі. Жүрген жерлеріңіздің тазалығын сақтап, барлық қоқыстарды жинап өзіңізбен бірге ала кетсеңіз, ол - табиғатқа деген құрметтің және үлкен мәдениеттің белгісі. Сондықтан қоқыстарды жинап, қалаға алып кеткенде тұрған ештеңе жоқ. Сонымен қатар, гидтер автобуста қоқыс жәшіктеріне арнап орын дайындап қояды.

Табиғи көрікті жерлердегі санитарлық-тұрмыстық орындар - бұл бөлек мәселе. Жақында Көлсай көліне баратын жолдағы Шарын шатқалында қоқыстарды бөлек жинауға арналған қоқыс жәшіктері мен дәретханалар орнатылып, халықтың қозғалыс мүмкіндігі шектеулі тобына барлық жағдай қарастырылған. Олар жоғарғы және төменгі жолдарға қойылған. Дәретханалардың ішінде суды пайдаланудың үнемді технологиясы қарастырылған экологиялық таза "құрғақ" дәретханалар да бар.

Дегенмен, заманауи жағдайлар барлық жерде кездесе бермейді, сондықтан дәретхана қағазы мен жеке гигиенаға қажетті заттарды, мысалы, дымқыл майлықтарды өзіңізбен бірге алып жүрген тиімді болады. Айта кетсек, Шарын шатқалына арнайы барған жөн болса да, көлдерге барар жолда шатқал көрінісін тамашалап, әдемі фотосуреттер түсіруге болатын аялдамалар кездеседі.


Фото © Әлішер Ахметов

Расында, біз "Көлсай көлдері" ұлттық саябағында жүргенімізді ұмытпайық. Мұнда Тянь-Шань қоңыр аюы, қар барысы, Түркістан сілеусіні сияқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мекен етеді. Жақында "Көлсай көлдері" ұлттық саябағы ресми түрде ЮНЕСКО-ның биосфералық қорының Дүниежүзілік желісіне қосылды.

Қыста қалай демалуға болады?

Қыста көлдер қатпайды, олар ертегідегідей әсем көрініске айналады. Тәжірибелі саяхатшыларға қыстың басында келуге кеңес беріледі, көрініс әсіресе аяз бәсең уақытта, бет қаритын аяз жоқ, қар жапалақтап жауып тұрған мезгілде өте әдемі болады. Туристер шана, шаңғы тебе алады, сонымен қатар, Саты ауылында моншаға да түсуге болады. Жаңа жылға арналған турлар да өте танымал әрі қызықты.


Фото © Ұлан Әлімбек

Қорытындылай келе, таңғажайып табиғаттан алған әсеріңіз жол мен жергілікті қызмет көрсетудегі азды-көпті кемшіліктерге назар аудартпайды, бірақ, бұл мәселе де жолға қойылып келеді. Сондай-ақ, сапарға шығарда көтеріңкі көңіл күймен шығуға кеңес береміз.