Көлік министрлігі ресейлік кәсіпкердің қазақстандық тасымалдаушыдан ұшақ сатып алғанын жоққа шығарды

Фото: skyllence.aero

Бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік кәсіпкердің санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Көлік министрлігі мұны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік кәсіпкердің санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Көлік министрлігі мұны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

"Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде болмаған. Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбағанын нақтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная