Көлік министрлігі қазақстандықтың "пойызға мін" деген шақыруына жауап берді

Қазақстандық Қостанайдан Астанаға пойызбен мінгені туралы эмоционалды видео жариялады. Ол сапарда вагон "өте суық" болғанын айтты. Жолаушы өзінің видеосында екі министрді пойызға мінуге шақырған. Интернетте екі күннен бері видео қызу талқыланып жатыр, оған Көлік министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі сенсациялық видеоға қатысты жауап берді.

"Біріншіден, Көлік министрлігі бейнежазбаның өзектілігін анықтап, оның авторының 13-14 желтоқсанда Қостанай-Алматы бағытындағы №43/44 жолаушылар пойызының №2 вагонында жолға шыққанын анықтады.

Сондай-ақ, инвентарлық нөмірі 02/26210 көліктің жеке тасымалдаушы "Astana trans group»" ЖШС-ға тиесілі екені және 1989 жылы жасалғаны анықталды. Жоспарлы күрделі жөндеу маусымда, ал қысқы тасымалдауға дайындық 2023 жылдың қыркүйегінде өтті", - деді ҚР Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан.

"Тасымалдаушы компанияның өкілдері көрсетілген рейстің жолаушылары ауа температурасының қолайсыздығына байланысты кондукторларға немесе пойыз басшысына хабарласпағанын хабарлады", - деп қосты ол.

"Желтоқсанның 13-інен 14-не қараған түні аймақта ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеді, бұл кезде жолаушы өзінің видеохабарламасын футболкамен отырып түсірген, бұл вагондағы қолайлы жағдайларды жанама түрде көрсетеді", - деді баспасөз хатшысы.

Ведомствода министрді пойызға мінуге шақыруға да түсініктеме берілді.

"Өткен аптада көлік министрі Петропавлға пойызбен іссапармен барды", - деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігі Қазақстан азаматының "пойызға мінуге" шақыруына әзірге түсініктеме бермеді, сондай-ақ ресми сауал арқылы тақырыпқа қатысты сұрақтарды жолдауды сұрады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!