Қолайсыз ауа райына байланысты Астана әуежайында 30 рейс кешігіп жатыр

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада екінші күн қатарынан боран соғып жатыр. Елордалық әуежайда ұшақтар ұшу және қону алаңында кешігіп жатқанын байқауға болады. Әуежайдың баспасөз қызметінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада екінші күн қатарынан боран соғып жатыр. Елордалық әуежайда ұшақтар ұшу және қону алаңында кешігіп жатқанын байқауға болады. Әуежайдың баспасөз қызметінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, алайда рейстердің кешігуі барын айта кету керек. Ұшып келеті 10 рейс және ұшып кетуі тиіс 18 рейс кешігіп жатыр. Себеп: елордадағы ауа райының жағдайы және ұшақтардың кешіп келуі", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Әуежайда қар тазалау жұмыстары тоқтамағаны айтылады, сондай-ақ ұшу-қону алаңы тазартылып жатыр.

Реклама
Реклама

"Жолаушыларды абай болуға шақырамыз, сондай-ақ әуекомпаниялардың кол-орталықтарынан және әуежайдың анықтама қызметінен мәліметтер алуға болады", - дейді мамандар.

Сондай-ақ, Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға бүкіл ел аумағындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті.

Тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтатылған немесе кідірген немесе кешіккен жағдайда (әуекемесінің кеш келуі салдарынан рейс тоқтатылған, тасымалдау бағыты өзгерген кезде) әуекомпания сусындарды әр 2 сағат сайын, 4 сағаттан кейін - ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Егер рейстің кешігуі күндізгі уақытта сегіз сағаттан және түнде алты сағаттан артық болса, тасымалдаушы қонақүйде тұруды және әуежайдан қонақүйге және кері қарай тасымалдауды қамтамасыз етеді.

"Тасымалдаушының кінәсінен жолаушының таңдауы бойынша он сағаттан аса мерзімге рейс тоқтатылған немесе кешіккен жағдайда тасымалдаушы жолаушыны билетте көрсетілген межелі пунктке дейін ең жақын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етеді немесе жолаушыға билеттің толық құнын қайтарады", - деп сендірді әуекомпания өкілдері.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная