Егер сіз Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай жолға шықсаңыз, онда 60 шақырымнан кейін сіз өзіңізді "жат" елге табан тірегендей сезінесіз, ол - осы қаламен аттас ұлттық саябақ - "Көкшетау". Имантау көлі оның аумағында орналасқан, оның ортасында жүрек тәрізді ерекше арал бар. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге бұл жер туристерді несімен таңғалдыратыны туралы баяндайды.
Имантау көлі Есіл өзенінің бассейнінде орналасқан. Оған аттас Имантау тауы жалғасады, ал сол аттас ауыл оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Бір нұсқа бойынша Имантау - бұл қасиетті тау, ал екінші нұсқа бойынша ол орта ғасырларда осы жерлерге иелік еткен Иман атты адамның есімімен аталыпты. Бұл табиғи кешен Көкшетау ұлттық табиғи саябағының бөлігі болып табылады. Аралда тіршілік белгісі жоқ, бірақ сіз оған қайықпен жүзіп барып, орманнан жидектер жинай аласыз.
Видео: YouTube/Алексей RED
Жергілікті тұрғындар бұл аралды Тасарал деп атайды, бұл тасты арал дегенді білдіреді. Сондай-ақ, аралды Жыланды (өйткені аралда жыландар кездеседі) және Казачий (XIX ғасырда казактар Имантау қаласына көшкенімен байланысты) деп те атайды екен.
Фото: Сергей Волков
Жағалаудан аралға дейінгі арақашықтық төрт шақырымды құрайды. Сіз аралға өз кемеңізбен немесе Көкшетаудан жалға алу арқылы жете аласыз. Екі адамға арналған қайықты бір күнге жалға алу шамамен үш мың теңгені құрайды. Тағы бір жолы - қайықтары бар жергілікті тұрғындармен келісу.
Қай жерге түнеуге болады?
Жағалауда яхталарды, гидромотоциклдер мен катамарандарды жалға беретін бірнеше демалыс орындары бар. Осы жерде түнеуге де болады. Екі адамға арналған жеке коттедждер бар, оларда төсек, душ және шағын ас үйі бар.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Отдых в Казахстане?? Имантау? (@zhemchuzhina.imantau) 6 Июн 2017 в 5:16 PDT
Егер сіз топпен саяхаттап жүрсеңіз, онда сіз төрт бөлмелі верандалы үйлерде тұра аласыз.
Сіз VIP демалыс үйін жалдай аласыз. Мұндай үйлер кең және тұрмыстық техникасы да көп.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от База отдыха Солнечное-VIP (@s_vip.kz) 12 Июн 2020 в 12:09 PDT
Экзотиканы сүйетін әуесқойлар киіз үйде немесе осындай ерекше күмбезді үйде тұра алады.
Бұл геодезиялық күмбез "Тихая заводь" демалыс аймағында орналасқан. Үйдің ауданы 30 шаршы метрді құрайды. Еденнен биіктігі - 3,7 метр, ал диаметрі - алты метр. Бұл үй алты адамды қабылдай алады.
"Көкшетау" ұлттық табиғи саябағы
"Көкшетау" 1996 жылы құрылған. Ұлттық саябақтың аумағы 182 076 га, екі аймақта орналасқан - Ақмола (Зерден ауданы) және Солтүстік Қазақстан (Айыртау ауданы). "Көкшетау" - көгілдір көлдер мен таулардың өлкесі. Саябақ биіктігі 1500 метрге дейінгі аласа және орташа таулармен, дала ландшафтымен ерекшеленеді.
Имантау. Фото: мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ "Көкшетау"/Facebook
Мұнда Таңқурай мүйісі, Зеленый мүйісі, Пожарная шоқысы, Ботай трактісі сияқты республикалық маңызы бар 13 табиғи ескерткіштер орналасқан. Сондай-ақ, археологиялық зерттеулер негізінде қазақстандық ғалымдар осыдан бес мың жыл бұрын ежелгі адамдар жабайы жылқыны дәл осы жерлерде қолға үйрете бастаған деген болжам айтты.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Rinat Balgabaev (@rinat_balgabaev) 21 Июн 2020 в 4:53 PDT
Блогер Ринат Балғабаев көшпелі қазақтардың өміріндегі осы кезеңді былай сипаттайды.
"Ботай қонысы орнында мыңдаған жылқылардың сүйектері және олардан жасалған бұйымдар, әбзелдер мен арбалардың қалдықтары табылды. Бұл көне жылқылар қазіргі жылқылардың арғы аталары емес, одан кейінгі жабайы ұрпақтары - Пржевальский жылқылары. Бірақ жылқы шаруашылығының бастауы осы жерде болды. Кең далада өмір сүріп, көшпенділердің ұлы мәдениетін қалыптастырды. Біздің ата-бабаларымыз жаяу жүргенге ерінген сыңайлы, сондықтан, біз осындамыз ", - деп әзілдейді саяхатшы.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от горы путешествия велосипед (@gabchenko_kz) 16 Июл 2019 в 9:19 PDT
Не үшін бару қажет?
Саяхатшы Александр Габченко трейлраннингпен белсенді айналысады (бұл табиғи рельефте жүгіру, оған кросс және таудан жүгіру элементтері кіретін спорттық тәртіп, еркін де, жарыс шеңберінде де болады). Келесі старт үшін Александр қиындығына қарамастан, Имантау аумағын таңдады.
"Орналасқан жері керемет, таулар, көл, қылқан жапырақты орман, шағын Ыстықкөл іспетті. Имантау тұщы көлінің орталығында, орманмен қоршалған арал жатыр. Міне, мен фотосуретте оны басты шыңнан - Котелок шоқысынан қараймын. Өте керемет көрініс. Көл жағалауы оңтүстікте - құмды, батыстан – тасты. Су орманмен үйлескенде мұнда ерекше микроклимат қалыптасады. Қылқанжапырақтылардан берілетін пайдалы фитонцидтер де денсаулыққа пайдалы. Мен жетінші старт үшін басқа орынды таңдаған болар едім", - деп Александр өзінің әсерімен бөлісті.
Саяхатшы тау-орман ландшафтарының барлық түрін көрсететін видео жариялаған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от горы путешествия велосипед (@gabchenko_kz) 22 Июл 2019 в 10:05 PDT
Міне, Имантау көлі. Оның ұзындығы 13 шақырымнан асады, ені бес шақырымға жуықтайды. Максималды тереңдігі 10 метрден асады. Көл суы тұщы, сіз онда жүзіп, балық аулай аласыз.
Фото: Сергей Волков
Көлде шабақ, иде, алабұға, шортан, айна сазан, мөңке сазаны және шаян бар. Соңғысының болуы көл суының тазалығын білідреді.
Фото: Сергей Волков
Жазда мұнда көрші мемлекеттерден де, Қазақстанның басқа қалаларынан да туристер көптеп келеді. Демалыс орындарының болуына қарамастан, көбісі табиғат аясында түнеп және орманда шатыр тігеді. Маусымнан қыркүйекке дейін мұнда жиі жылы болады, ал судың температурасы 20-25 градусқа дейін көтеріледі.
Фото: Сергей Волков
Есіңізде болсын, бұл жерде ауа райы өте құбылмалы және кез-келген уақытта жаңбыр жаууы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от TRAVEL | PHOTO | NATURE (@alimbek_ulan) 16 Ноя 2017 в 10:27 PST
Имантау суға ғана емес, туристік бағыттарға да бай. Сонымен, көлдің жағасында бірнеше демалыс орындары бар, оларға міндетті түрде бару керек.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от TRAVEL | PHOTO | NATURE (@alimbek_ulan) 5 Июл 2016 в 6:22 PDT
Имантау шоқысы - бұл фотосессиялар үшін таптырмас орын, өйткені ол жерден табиғаттың керемет көрінісі ашылады.
"Егер сізде ниет болса, тауларға жаяу көтерілуге де болады. Жұмсалған энергияңызға өкінбейсіз. Шыңға шығу тік, қиын болғанымен, ол соған тұрарлық. Таза ауа бар. Керемет көріністер", - деп биікке көтерілгендер өз әсерлерімен бөліседі ...
Ағайынды шоқысы немесе Айыртау (екіге айырылған тау) туралы аңыздармен шектесетін жұмбақ және қорқынышты оқиға бар. Бір нұсқасы бойынша, ежелгі уақытта, бұл жерлерге дұшпандар шабуыл жасамақ болған кезде, оларды қорғауға екі ағайынды батыр қарсы тұрады. Қатал шайқаста олар өздерінің туған жерін қорғайды, бірақ өлім жазасына кесіледі. Бұл жерлерді өлгеннен кейін де қорғауды жалғастыру үшін олар екі тауға айналыпты-мыс.
Фото: мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ "Көкшетау"/Facebook
Ағаларының қайтыс болғанын білген кіші қарындасы егіліп қатты жылайды, оның көз жасынан тау етегінде Айыртаушық көлі пайда болыпты. Оны Өлі көл және Мылқаукөл деп те атайды екен. Аңыз бойынша, өзін-өзі өлтірген жандарды осы көлге тастаған екен, оларды екі таудың ортасынан суға лақтырған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ЛАГЕРЬ "ЧАЙКА" КОКШЕТАУ (@chaika_lager_kokshetau) 5 Июн 2020 в 7:21 PDT
Су қоймасының айналасына бұта-шөп өсіп кеткен, жол жоқ, тіпті жол талғамайтын көлік те өте алмайды.
Қалай жетуге болады?
Ең жақын теміржол станциясы - Көкшетау. Көкшетау қаласынан көлікпен бір жарым сағатта жетуге болады. Жанармайды толық Көкшетауда немесе Зерендіде толтырған жөн. Кез-келген жағдайда, навигаторды басшылыққа алуға кеңес береміз. Имантау қаласына жақын, ұялы байланыста қиындықтар туындауы мүмкін.
Күнделікті Көкшетау-Имантау бағытында жүретін автобуспен сіз екі сағатта жете аласыз.
Сіз Имантау және Арықбалық ауылдарының жанында шатыр құра аласыз. Егер сіз көлікпен жүрсеңіз, онда Имантау ауылына дейін асфальт жолдың бар екенін ұмытпаңыз.
Алғашқы көмек қобдишасын, масаларға қарсы жақпамай, күннен қорғайтын құрал, фото, видеокамера, портативті зарядтағыш алып жүруді де ұмытпаңыз.
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.