Көкжайлаудағы қоқыс жәшіктері туристерді таңғалдырды

Алматы тауларында келушілер қалдыратын қоқыс мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Ол үшін айыппұлды көбейту мен қаржыландыруды ұлғайту сияқты шаралар ұсынылады. Kaztengritravel.kz тілшісі Көкжайлаудағы қоқыс мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсінуге тырысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тауларында келушілер қалдыратын қоқыс мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Ол үшін айыппұлды көбейту мен қаржыландыруды ұлғайту сияқты шаралар ұсынылады. Kaztengritravel.kz тілшісі Көкжайлаудағы қоқыс мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсінуге тырысты.

Жақында бұл жерге қоқыс жәшіктері орнатылды. Алматы қаласының тұрғыны Ажар Жандосова Facebook желісіндегі парақшасында қоқыс мәселесін шешу үшін бұл тәсілдің қаншалық тиімді екенін сұрады.

"Іле Алатауы Көкжайлауға қоқыс контейнерлерін қоюдан артық ештеңе таппады! Табиғат аясында уақыт өткізу ережелерінің сақталуын, тәртіпті қадағалаудың орнына - ұлттық парктің өзі табиғи аумақтардағы ең басты қағидатты білмейді: тастаған қоқысты өзіңмен бірге алып кетесің! ЕГЕР СІЗ ҚАРАПАЙЫМ АДАМ БОЛСАҢЫЗ, БЕЙТАНЫС АДАМНЫҢ ТАСТАҒАН ҚОҚЫСЫН ДА АЛА КЕТЕСІЗ!" деп жазады ол.

Реклама
Реклама


Фото www.facebook.com/profile.php?id=100015658265140

Желі пайдаланушыларының пікірі екіге: Ажарды қолдағандарға және ұлттық парктің әрекеттерімен келіскендерге бөлінді.

"Дұрыс, артыңыздан ештеңе қалдырмаңыз, бәрін өзіңізбен бірге ала кетіңіз! Оп-оңай!"- деп жазады кейбір пайдаланушы.

Кейбір қолданушылар ұлттық парк әрекетін қолдады. 

"Контейнерлердің бәрін дұрыс жасаған, бәрі де, өкінішке қарай, қоқысты өздерімен бірге ала кетпейді. Табиғатта қалдырғаннан гөрі контейнерге лақтырған жақсы", - деп жазады оқырмандар.

Kaztengritravel.kz тілшісі мәселеге қатысты түсініктеме алу үшін ұлттық паркке жүгінді. Іле Алатау ұлттық паркінің Медеу филиалы директорының орынбасары Марғұлан Әжібеков Көкжайлаудағы қоқыс мәселесі ұзақ уақыт бойы өзекті екенін түсіндірді.

"Келушілер қоқысты үйіп кетеді. Бұл жерге адам көп келеді, қоқыс қалдырады. Біз жинаймыз. Орман шаруашылығы комитетінен бірнеше рет шағым түсті. "Жасыл құтқару" экологиялық қоғамы да бұл жерде қоқыс көп екенін айтады, суреттер жібереді, біз олардың сұрақтарына үнемі жауап береміз. Жалпы, қазір бұл учаске қалаға тиесілі. Бірақ біз бәрібір тазалаймыз, бұл жұмысты жасаймыз", - деді ол.


Фото www.facebook.com/profile.php?id=100015658265140

Марғұлан Әжібеков неліктен қоқыс жәшіктерін орнату туралы шешім шығарылғанын да айтып берді.

"Басшылықпен бірге бұл мәселені мұқият талқылап, осы жерге үш резервуар қоюды шештік. Әр екі-үш күн сайын біз машина жіберіп, тазалаймыз. Көкжайлау - проблемалы жер, өйткені оған баратын жол нашар, техникаға жету қиын. Қалған көпшілік орындарда жәшіктер тұр - стандартқа сәйкес олардың жан-жағы бетонмен қоршалған. Күзде, қыста бұл жерлерге жету қиынырақ болады: қар борайды, жаңбыр құяды. Жолын табамыз деп үміттенемін. Қазір жазда біз тазалаймыз, бұл үшін ресурстар, адамдар, УАЗ бар. Сондай-ақ, Көкжайлауда екі дәретхана орнаттық", - деді Әжібеков.

Сондай-ақ, Іле Алатау ұлттық паркінің командасына еріктілер көмектеседі. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап олар сенбілікке шығып,  600 келіден астам қоқыс жинады. 100-ден аса заңсыз оттың орнын тазартып, Тянь-Шань шыршасының 400-ден астам көшетін отырғызды. Олар инспекторларға ұлттық парк аумағында рейд кезінде де көмектеседі.

Айта кетейік, қоқыс жәшіктері тек қазақстандық ұлттық парктерде ғана орнатылмаған. Желі пайдаланушы сы Ерұлан Ысмайылов Грузияның табиғи аумақтарында қоқысты жинау қалай ұйымдастырылғанын айтты.

"Біздің адамдардың грузиялықтардан үйренері көп. Мысалы, олар қалада және табиғат аясында қоқыс тастамайды. Суретте Батуми тауларында орналасқан қоқыс жәшігі", - деп жазады турист әлеуметтік желіде.

АҚШ-та ұлттық парк қызметі саябақтардағы қоқысты қайта өңдеудің жолдарын іздейді және ол үшін қоқысты сұрыптауға арналған 400-ден астам жаңа контейнер қойылды. Бұл контейнерлер арнайы металл тірекпен жабдықталған, соның арқасында урна аударылмайды.


Фото solusgrp.com

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная