Кинодағы Қазақстан. Атақты фильмдер мен бейнебаяндар қайда түсірілген?

Қазақстанда режиссерлер мен суретшілерді шабыттандыратын әдемі жерлер өте көп. Еліміздің кейбір жерлері фильмдер, сериалдар мен музыкалық бейнебаяндардың арқасында танымал болды. Осындай жерлер жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі баяндайды.

Біздің тізімде бірінші орында Алматы тұрады. Дәл осында көптеген режиссерлер асқақ таулар фонынан әдемі кадрлар көрсетіп, фильм түсіреді. Алматыдағы орындар комедияларды да, драмалық көріністерді де түсіруге қолайлы.

Кеңес дәуіріндегі Шәйкен Аймановтың "Наш милый доктор", "Ангел в тюбетейке" және Рашид Нұғмановтың атақты "Иглы" фильмдерінен бастап, "Районы", "Бизнес по-казахски", "Брат или Брак" заманауи фильмдерімен аяқталады.


"Игла" фильмінен үзінді

Қысылтаяң 90-шы жылдардағы адамдардың өмірі жайлы атақты "Перекресток" сериалында қаланың барлық әдемі жерлері көрсетілген. Соңғы сериалдар - Айтөре Жолдасқали "Шекер" немесе Әлішер Өтенің "Сержан-братан".

"Перекресток" киносериалынан кадр

Жамбыл облысы

Танымал детектив "5:32" сериалы Жамбыл облысында, Қаратау және Жаңатас қалаларында түсірілген. Сериалдағы оқиға 90-шы жылдары орын алады және сюжет сол кездегі жантүршігерлік айуандық кісі өлтіру жағдайлары жайлы баяндайды. Жергілікті табиғат көріністері сюжеттің тылсым желісін айқындайды: ыстық шөл даладағы жолдар, оның бойында жергілікті тұрғындар маньяктарды кездестіреді, сары жартастардың ортасындағы карьерлер, басты кейіпкерлер шытырман кісі өлтіру оқиғалаларын шешімін іздейді және шағын елді мекендер, мұнда өмір біз ойлағандай тыныш, бірсарынды емес екені анық.


"5:32" сериалынан кадр

Тұзбайыр

Әлемдік KENZO брендінің сырт бейнесін жаңарту үшін түсіру тобы миллиондаған жылдар бұрын Тетис мұхиты болған Маңғыстау өңіріне, ондағы Тұзбайыр тұзды көлінің аңғарына келді. Бұл табиғи ғажайып жылдың бір айында ғана пайда болады, еріген сулар мен жауын-шашын бүкіл алқапқа жайылып, марс пейзаждары іспетті алып табиғи айнаға айналады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Indira Gabbasova (@gabbassovaindi)

Жоба қазақстандық команданың бастамасымен және брендтің Париждегі штаб-пәтерімен келісілген.

Бетпақдала

Шымкентке жақын жердегі әсем Бетпақдала шөлінде ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың тұңғыш "Тюльпан" фильмі түсірілді. Бұл фильмі үшін режиссер дүние жүзіндегі фестивальдерде бірнеше Гран-приге және 2008 жылы Канндағы "Особый взгляд" құрмет жүлдесіне ие болды.


"Қызғалдақ" фильмінен үзінді

Бозжыра

Режиссер Серікбол Өтепбергенов түсірген "Время патриотов" экшн-триллері Қазақстанның бірнеше жерінде - Каспий теңізінің жағалауында, Бозжыра шатқалында және Іле Алатауының етегінде түсірілген. Фильмде даңқты отбасылық дәстүрді жалғастырушы екі ағайындының оқиғасы баяндалады: үлкені әскери барлауда қызмет етеді, кішісі - истребитель ұшқышы. Көрермендердің көпшілігі Бозжыраның марстық көріністері фильмге шынымен де сән бергенін атап өтеді.

Жемқор әкім туралы "Хотя бы в кино" комедиясы Алматы мен Маңғыстау облыстарында түсірілді. Фильмнің кейбір көріністері бірегей Бозжыра шатқалында түсірілген.

Сондай-ақ, музыкант Jah Khalib Nomad Stunts каскадерлер тобының қатысуымен Бозжыра трактатында түсірілген "Лиловая" әніне бейнебаян шығарды. Бейнебаян кейіпкері аптап ыстық күні шөл кезіп, үйіне жетуді аңсайды. Режиссері - Әділет Әбіш.


"Лиловая" әніне түсірілген бейнабаяннан үзінді

Көшпенділер қаласы

Киноқалашық аумағында қазірдің өзінде көптеген бейнебаяндар түсірілімі жүріп жатыр, режиссер Тимур Бекмамбетов те осында сенсациялық "Ночного дозор"фильмінің қорытынды бөлімін түсірді. Jah Khalib өзінің "Медина" әніне бейнебаянын осында түсірген.

Бұл декорация Іле жағасында (Қонаев қаласына жақын) "Көшпенді" фильмінің түсірілімі үшін арнайы жасалған. Қазір бұл жер туристер келетін орталыққа айналды.


"Медина" бейнебаянынан үзінді

Режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмі - шайқас көріністері Алматы облысындағы Қапшағай қаласының маңында түсірілген. Виктор Цойдың қатысуымен өткен Рашид Нұғмановтың "Иглы" атты атақты фильмінде құрып бара жатқан Арал теңізінің көріністері мәңгілікке сақталады.

Ермек Тұрсыновтың "Шал" фильмі Қордай даласында түсірілген. Режиссердің айтуынша, қар ери бастағанда түсірілім тобы Үшқоңыр үстіртіне шыққан. Дәл осы жер - қатал, қарлы, шөлді - бүкіл фильмнің көңіл-күйін бейнелейтін, онда басты кейіпкер, қария қойларын жайлауға жібермекші, далада адасып, үйіне жол табуға тырысып жүргенде, қасқырлар үйіріне тап болады. Адам мен табиғат арасындағы шайқас туралы фильм.


"Шал" фильмінен үзінді

Француздық "Инфинити" шағын сериалы үш елде түсірілді. Францияда, Украинада және Қазақстанда. Елімізде түсірілім жұмыстары Шарын, Приозерск, Қапшағай қалаларында өтті. Қазақстандық полицей мен француз ғарышкері жұмбақ кісі өлтіру оқиғалары мен олардың ғарышпен байланысын ашуға тырысатын жұмбақ орындар.

Қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов L'one тобының "Дорога" әніне бейнебаян түсірді. Бейнебаян түсірілген жердің бірі Қапшағай болды. Жаңа бейнебаянның түсірілімі қалай өткені туралы режиссердің өзі әлеуметтік желіде баяндаған.

"Соңғы бір жарым айда біз әртүрлі континенттерде жасырын миссиямен жүрдік. Міне, осы құпия жобалардың бірі бүгін шығады! Біздің команда бұл бейнебаянға көп еңбек сіңірді! Біз Гонконгтың дымқыл ауасында, Қапшағайдың нөсер жауыны астында @jasminesface үшін қатты қорықтық, себебі, ол қайықта жеңіл көйлекпен отырды, арқадан суық жел мен жаңбыр ұрып тұрды... бірақ мен нәтижесіне және жігіттермен осы істі жұмыла бітіргенімізге қуаныштымын!" - деп эмоциясымен бөлісті жас режиссер.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.