Қазақстанның үш бірдей шекара аймағында көліктер кептеліп қалды

pixabay.com

ҰҚК баспасөз қызметі мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсініктеме жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК баспасөз қызметі мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсініктеме жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектетілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтандырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Көлік жолдарының ашылуына байланысты, жекелеген бағыттарда:

Реклама
Реклама

Қазақстан-Қырғыз учаскесі ("Қарасу" өткізу пункті);

Қазақстан-Өзбекстан учаскесі ("Тәжен", "Қазығұрт" өткізу пункттері);

Қазақстан-Ресей учаскесінде ("Сырым" өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.

Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс жасайтынын хабарлайды.

Көлік құралдарын жүргізушілерге қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная