Қазақстанның түсі қандай? Видеографтың жаңа видеосы жұртты тәнті етті

видеодан кадр

Солтүстіктегі қылқанды орман, оңтүстіктегі биік таулар, шығыстағы көлдер және батыстағы марсиандық пейзажар - Қазақстан сұлулығын бағалау өте қиын. Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым кереметтей видео жариялады, онда ондаған локациялар енген және қазақстандықтарға жеріміздің әдемілігін қайта бір паш етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстіктегі қылқанды орман, оңтүстіктегі биік таулар, шығыстағы көлдер және батыстағы марсиандық пейзажар - Қазақстан сұлулығын бағалау өте қиын. Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым кереметтей видео жариялады, онда ондаған локациялар енген және қазақстандықтарға жеріміздің әдемілігін қайта бір паш етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ШҚО тумасы, 25 жастағы жігіт Қазақстанның ерекше жерлерін көрсетіп, тревел-контент ұсынып жүр. Небары 30 секундтық роликте Қатон-Карағай, Жоңғар Алатауы, Каспий теңізі, Астана қаласы, Көлсай және Қаракөл көлдері, Австриялық жол, Өскемен жолы, Қызыл Кесік ауылы, Марқакөль, Өгем көлі, Марал көлі, Маңғыстау, Қызылқум, Бозжыра, Түркістан, Ақтау таулары, Қора өзені, Алтынемел, Бурабай көлі, Көксу өзені, Бұрхан-Бқлақ сарқырамасының көріністері бар.

Реклама
Реклама

Қазақстандық және шетелдік қолданушылар видеоға таңданыстарын жасырмай, түрлі позитив пікір қалдырған. Кейбіреулері ролик авторы өз еліне шақырған, басқалары біздің елге келіп, Қазақстан жерінің әсемдігін өз көзімен көргісі келетінін жазған. Кейбір туристік аймақтарды шетелдіктер ғана емес қазақстандықтар да алғаш рет көргенін айтқан.

Tengritravel.kz тілшісі видео авторына хабарласып, роликті шығаруға қанша уақыт кеткенін сұрады.

"Қазір әлеумжеліде мынадай тренд жүріп жатыр - әр жерді, жағдайды, заттарды түске бөлген. Мен Қазақстан сұлулығын әр түрлі түсте көрсеткім келді", - дейді Дастан.

Видеограф родился и вырос в селе Кызыл Кесик Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области. В 7-м классе Дастан поступил на учебу в лицей "Білім-Инновация" города Семея, а после учился в КазИГЗУ.

Видеограф Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген. 7-сыныпта Дастан Семей қаласындағы "Білім-Инновация" лицейіне түскен, сосын ЖОО тәмамдаған.

"ЖОО-дан соң өзім оқыған лицейде қазақ әдебиетінен сабақ бердім және қосымша СММ-маманы ретінде жұмыс істедім. Сол кезде видео түсіру идеясы келді. Кейін Астанадағы "Білім-Инновация" лицейінде видеограф болып жұмыс істедім. Басында камераға түсіріп жүрдім, кейін дронға көштім. Youtube желісіндегі тегін сабақтарды алып, видео түсіруді үйрендім. Содан кейін өміріме жаңа реңк берді, мына роликте де солай", - дейді Дастан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная