Туризм индустриясы комитеті Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды және 8 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Тұжырымдама қабылданса, отандық туристік саланы тиімді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалады және 2025 жылы ЖІӨ құрылымында 8 пайыздық үлеске қол жеткізу міндетін орындауға мүмкіндік береді.
Құжатқа сүйенсек, Қазақстан туристік дестинация ретінде өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде тұр.
2019 жылғы мамырда Туристік саланы дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәттен бастап салада бірқатар маңызды шешім қабылданды: Tax free жүйесі енгізілді, визасыз елдердің тізімі 73 елге дейін кеңейтілді, көші-қон карточкалары мен шетелдіктерді 30 күнге дейінгі мерзімге тіркеу тоқтатылды.
2019 жылы елге 8,5 миллион сырттан туристер келді, 90 пайызы - ТМД елдерінің азаматтары. Олардың елде өткізген орташа уақыты 3 күннен аспады.
"Ішкі туризм әлеуетінің жеткіліксіз іске асырылуы 2019 жылы 2,7 миллиард долларды құрайтын туристік қызметтер импортымен 10,7 миллион адамды құрады. Сонымен бірге, COVID-19 коронавирусының таралуынан қорғау үшін қабылданған шектеу және карантиндік шаралар 2020 жылы бүкіл әлемдегі туристік салаға қатты әсер етті", - делінген құжатта.
Туристік саланы дамыту мәселелері
Туристік тартылыс орындарында инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;
Орналастыру орындарының шектеулі саны;
Ассортименттің жетіспеушілігі және туристік өнімдердің төмен сапасы;
Туристік қызметтерді цифрландырудың жеткіліксіз деңгейі;
Әлсіз логистика;
Туристердің қанағаттануының жеткіліксіз деңгейі;
Салада кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі;
Өңірлік және халықаралық деңгейлерде туристік әлеуетті ілгерілетудің жеткіліксіз деңгейі;
Қазақстан аумағында тұрақты халықаралық іс-шаралардың болмауы, MICE туризмінің жеткіліксіз дамуы.
Дүниежүзілік экономикалық форумның-2019 саяхат пен туризмнің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 2017 жылғы алдыңғы 81-орынды индекспен салыстырғанда өз позициясын жақсартып, 140 елдің ішінде 80-орынды иеленеді. Рейтинг саяхат және туризм секторының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін бірқатар факторды ескереді. Екі жылда бір рет бағаланады.
Рейтингтегі үздік елдер – Испания, Франция және Германия, ең нашарлары - Йемен, Чад және Либерия.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!