Қазақстанның туризмі шетелдіктердің стереотиптерін бұза ала ма?

Желіде Қазақстан туризмі туралы жаңа ролик вирусқа айналды. Шетелдік туристердің Қазақстанды шарлауы түсірілген видео жағымды пікірлер жинаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазақтуризм" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеоның сипаттамасында "Әлі күнге дейін шетелден келген қонақтар бізге Қазақстанның ашылмаған туристік әлеуеті және еліміз туралы қалыптасқан стереотиптер туралы көп айтады. Қазақстан туралы не білсеңіз де, білмесеңіз де, онымен сіздерді қайта таныстырғымыз келеді. Қазақстан - жаңа көзқарас!", - делінген.

"Қазақстан туралы көп естімеген туристер "стан" жұрнағына кері мән беріп, жерімізді Борат көрсеткен көріністерге теңеп, еліміз туралы сан түрлі таптаурындардың әсерінде болатыны бар. Алайда тәуекелге бел буып Қазақстанға шытырман оқиға іздеп келген кезінде, туристер елімізді жаңа қырынан тани бастайтыны рас", - дейді елімізде туризм саласына жауапты ведомствоның өкілдері.

Реклама
Реклама

Осылайша, "Kazakhstan - like never before" бейнеролигінің басты кейіпкерлері – Бельгиядан келген Седерик және катарлық Анас атты екі саяхатшы біздің елге қыстыгүні Астана, Алматы, Түркістан және басқа да туристік аймақтарға қызығып келді. Саяхатшыларды аталған жерлермен танымал видеограф, еліміздің туризм елшісі Әділет Рахметолла таныстырғанын атап өткен жөн.

"Бұл бейнероликті "Travel to Kazakhstan", "Travelstan", "Қазақстан сені күтеді" атты жарнамалардың жалғасы деп тануға болады. Өйткені оларда Қазақстанға не үшін келу керектігі айтылса, жаңа туындыда қоса алғанда 100-ден аса мемлекетте болған тәжірибелі саяхатшылардың шынайы әсері көрсетілген. Жер әлімнің жартысын шарлаған туристерді таңғалдыруға бола ма? "Әрине, оның себебі– Қазақстан!", - делінген "Қазақтуризм" таратқан релизде.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!